Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның үш өңірінде коронавирусты жұқтырғандар табылмады

Қазақстанның үш аймағында соңғы 24 сағат ішінде коронавирустың жаңа жағдайы тіркелмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ешкім СОVID-19 жұқтырмаған.

Қазақстанда өткен тәулікте 263 жаңа жағдай анықталды. Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы – 59 (2,7%)
Алматы қаласы – 29 (1,1%)
Батыс Қазақстан облысы – 27 (4,1%)
Қарағанды облысы – 24 (2,6%)
Маңғыстау облысы – 19 (7,1%)
Шымкент қаласы – 18 (2,1%)
Қызылорда облысы – 16 (4,0%)
Алматы облысы – 15 (4,2%)
Атырау облысы – 14 (1,3%)
Жамбыл облысы – 13 (3,4%)
Павлодар облысы – 11 (5,3%)
Шығыс Қазақстан облысы – 7 (5,2%)
Ақтөбе облысы – 6 (1,7%)
Түркістан облысы – 5 (1,3%).

 

STAN.KZ
Сейсенбі, 02 Маусым, 2020 07:37
Талқылау