Қазақстанның төрт әскери гарнизонында 825 млн теңгеге жуық ұрлық фактісі анықталды
Қазақстанның төрт әскери гарнизонында 825 млн теңге сомасында ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде әскери прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Әскери прокуратура органдары Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге тексерулер жүргізеді. Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында 825 млн теңгеге жуық заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, сегіз қылмыстық іс қозғалды", - делінген дүйсенбі күні тараған ақпаратта.
Қадағалау органында анықталғандай, тергеуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүргізіп жатыр.
- "КСРО кезеңінен қалған техникалардың әбден тозығы жеткен": Қазақстан әскері соғыс қаупіне дайын ба?
- Таразда әскерилер студенттерді комиссариатқа күштеп әкетпек болған
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”