AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Таразда әскерилер студенттерді комиссариатқа күштеп әкетпек болған

Әскерилердің әрекеті тараздық ата-аналардың ашуын туғызды. Олар оқу орнына келіп, студенттерді әскери комиссариатқа күштеп әкетпек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

әскер

Соның кесірінен емтихан өтпей қала жаздаған. Өйткені мобильді топтан қорыққан болашақ жауынгерлер қаша жөнелді, дейді ата-аналар.

"500 студент бар мына жерде. Бес жыл әкешешесі ақшасын төледі. Алсын дипломын. Не болды сонша, бір дипломын алуға хақысы бар шығар. Шығып кетіңіздер, өтініш", - дейді олар. 

Осылайша әскерилер емтихан болып жатқан жеке медициналық колледждің алдын торуылдаған. Сөздерінше, жасы 18 ден асқан студенттермен түсіндірме жұмыстарын жүргізбек. Алайда ата-аналар бұған сенбеді. Өйткені балаларын өтірік алдап, әскерге күштеп алып кетуі мүмкін деп қорқады. Ашулы топ, олармен әбден айқасты. Бірақ мобильді топтың өкілдері тапжылмай отырып алды. Әскерилердің жүргенін байқаған шәкірттердің көбі колледж маңына жоламай, жан-жақта жасырынып жүрді.

Студенттердің толық қатыспауынан емтихан өтпей қала жаздады. Ал әскерилер балаларды алып кетуге толық құқымыз бар дейді. Өйткені көктемгі әскерге шақырту науқаны жүріп жатқанын айтады.  

"Облыс бойынша жоспар бекітілген. Қазір жоспар 93 пайызға ғана орындалды. Бұл 1300 адам деген сөз. Әскер қатарына көктемде шақырылатындарды күзге қалдыруға болмайды. Емтихан тапсыру кезінде студенттерге ешкім кедергі келтірген жоқ. Сынақ тапсырып болғасын білім басқармасы, оқу орны басшылығының келісімімен студенттер бәрібір медициналық тексеруден өтуге келді", - дейді Жамбыл облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Хасен Қарабаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр