Қазақстанның тоғыз өңірі қауіпті "қызыл" аймақта тұр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы коронавирус  бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Соңғы үш аптада сырқаттанушылықтың динамикасы сол деңгейде қалды. Соңғы аптада сырқаттанушылықтың 2% төмендеуі байқалды, өлім-жітім соңғы апта деңгейінде қалып отыр", - дейді Цой үкіметтің отырысында.

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, қазір 9 аймаққа қауіп төніп тұр. Өткен аптада Павлодар мен Жамбыл облыстары "қызыл" аймаққа көшті. Кеше бұл тізімге Шымкент қайта қосылды.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр