Павлодар облысында құс тұмауы өршіп, карантин енгізілді
Павлодар облысының екі ауданындағы үш ауылда құс тұмауына байланысты карантиндік режим енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Карантин Жаңақұрлыс, Ақтау және Жаңажұлдыз ауылдарында енгізілді.
Полиция мен ветеринарлық қызметтер кезекшілік ететін елді мекендерге кіре берісте дезинфекциялық тосқауылдар мен карантиндік бақылау бекеттері орнатылды.
Жаңақұрлыс ауылдық округінің әкімі Қайырбек Абсалямовтың айтуынша, қазіргі уақытта Тереңкөл ауданының Жаңақұрлыс ауылында 1800 құстың бір жарым мыңы жойылып үлгерген.
Осындай жұмыс Железин ауданының Ақтау ауылында да жүргізілуде.
"Сонымен қатар, құс тұмауы Жаңажұлдыз ауылында расталды, онда екі мыңнан астам құс өлді. Қазіргі уақытта бұл ауылда карантин де енгізілді. 24 қыркүйекте ауыл әкімінің шешімі күшіне енді. Мұнда бес мыңнан астам бас жойылуы керек", - деді Железин аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы Бауыржан Қантарбаев.
Алдын ала есептеулер бойынша қыркүйек айының басынан бері облыста төрт мыңға жуық құс өлген.
- СҚО-да құс тұмауынан бір тәулікте 180 мың тауық қырылып қалды
- Коронавирус пен құс тұмауының байланысы бар ма: Министрлік түсіндірді
"Біз құстарды сырттан импорттаған жоқпыз, сондықтан жабайы құстардың инфекция көзі болғаны анық. Мұны құлаған жабайы құстардың патологиялық материалын зерттеу нәтижелері растады. Қазіргі уақытта олардың көші-қоны жүріп жатыр", - дейлі ауыл шаруашылығы министрлігінің маманы Рашид Нурбеков.
Карантин енгізу туралы шешімді Ақмола облысының екі ауылының әкімдері де қабылдағанын қосамыз.
"Жарқынай ауданының мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы негізінде Шойындыкөл ауылының әкімі Жарқайың ауданының Шойындыкөл ауылының аумағында құс тұмауының жоғары дәрежесі тіркелгендіктен, карантин енгізу туралы шешім қабылдады", - делінген Ашық НПА порталында жарияланған құжатта.
Сондай-ақ, Никольский ауылдық округі әкімінің Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Никольск ауылында карантин орнату туралы шешімі жарияланды.
Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының жеті ауданының он елді мекенінде құс тұмауына байланысты карантин енгізілген болатын.
Еске салсақ, Батыс Қазақстанда үй жануарларына вакцина салынып, құс фабрикалары жаппай карантинге жабылып жатыр.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
