Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның тағы бір облысында коронавирус салдарынан карантин қатаңдатылды

Қазақстанның тағы бір аймағында шектеулер күшейіп келеді. Бұл жолы - Павлодар облысында карантин қатаңдады. 

Тиісті қаулыға облыстың бас санитарлық дәрігері қол қойды. Қаулы 2020 жылдың 18 қазанында сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Құжат мәтіні Павлодар облысы тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздігі департаментінің ресми сайтында жарияланған.

Қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар) жұмыс уақыты 8.00-ден 22.00-ге дейін қысқарды (бұрын олар 00.00-ге дейін жұмыс істейтін еді).

Бұл жағдайда тұрғындардың орналасу коэффициенті үй-жай ішінде 30 орыннан аспауы керек. ӘКК мен сауда үйлері 20 пайыздан аспайтын көлемде жұмыс істей алады.

Азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты 22.00-ге дейін, азық-түлік емес тауарлар 18.00-ге дейін шектелген. 

Базарлар 18.00-ге дейін жұмыс істейді. SPA орталықтарының, сұлулық салондарының, шаштараздардың, моншалардың, сауналардың, фитнес орталықтардың, спорт залдардың, автокөлік жуу орындарының, автосалондардың, ательелердің қызметіне сағат 20.00-ге дейін рұқсат етіледі. Жексенбіде қоғамдық көліктер тоқтатылады. 

STAN.KZ
Жұма, 16 Қазан, 2020 17:33
Талқылау