Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның шекарасы қандай жағдайда жабылады: Министрлік жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанның шекарасы қандай жағдайда жабылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бағдат Қожахметов шекараны жабу мәселесі вирустың таралуы жоғарғы деңгейде болған кезде қарастырылатынын айтты. Оның сөзінше, жағдай күн санап жақсарып, аурулардың саны азайып келеді. Сондықтан, шекараны жабу мәселесі қарастырылмаған. 

"Кеше Қазақстанмен шекаралас мемлекеттерде болып жатқан жағдай туралы министр мәлімет берді. Біз оны зерттеп отырамыз. Қазақстанның коронавирус жаңа толқынын тоқтату үшін немесе алдын алу үшін жасайтын іс-қимылдарының нәтижесіне байланысты. Сондықтан мемлекет не Үкімет тарапынан Қазақстанды жабу немесе шектеу жұмыстарын өткізуі әбден мүмкін. Ол енді біздің көршілес мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайларға байланысты", - деді Бағдат Қожахметов ОКҚ онлайн-брифингінде.



Сонымен қатар, Қожахметов әуе байланыстары туралы айтып берді. 

"Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай жақсарды. Эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатқан мемелекеттерден елге тағы вирус таралмауы үшін үкімет шара қабылдайды деген үміттеміз. Эпидемиологиялық жағдай нашар мелекеттермен әуеқатынасы туралы оң шешім қабылдануы керек", - дейді Бағдат Қожахметов.

Еске салсақ, денсаулық сақтау министрі Қазақстанда қандай жағдайда карантин енгізілетіні туралы айтқан болатын. 

STAN.KZ
Жұма, 11 Қыркүйек, 2020 15:27
Талқылау