Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық спортшы зорланды: Жәбірленуші ішкі сырын ақтарды

Қазақстандағы ең мықты семсерлесушілердің бірі 19 жастағы Тамила Муридова өзінің әріптесінен зорлық көргенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеме жасап.

Спортшы ер адамды 16 жасында кездестіріп, оған ғашық болып қалған. Қыздың айтуынша, одан жеті жас үлкен ер адам оны зорлап, ұрған.

"Менің бетімді көгертіп, тістерімді сындырды. Соңғы рет 24 ақпанда ол менің мұрнымнан ұрып жіберді, қатты қан кетіп, мұрным ісіп кетті", - дейді жәбірленуші.

Полиция бұл мәлімдемені қабылдап, "зорлау" бабы бойынша іс қозғады.

"Іс бойынша барлық алғашқы тергеу шаралары мен сараптамалар жүргізілді. Сараптама нәтижелері әлі дайын емес. Кешенді шаралардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығарылады", - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Күдікті әлі бостандықта жүр. Егер тексеру барысында оның кінәсі дәлелденсе, ол қамауға алынады.

Семсерлесу федерациясы бұл жағдай туралы түсінік беруден бас тартты. Ұлттық құраманың жаттықтырушысы Муридованың қиын қарым-қатынасы туралы білетінін, бірақ оған әсер ете алмайтынын айтты.

Тамила Муридова - семсерлесуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, "Қазақстанның 100 жаңа келбеті" жобасының қатысушысы.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Тараз тұрғыны бақылау-өткізу пунктінен жібермеген полиция қызметкеріне шабуыл жасады

Ер адам полиция қызметкерінің қойылған талаптармен келіспейтінін білдіріп, оны боқтаған

Бөртпе және конъюнктивит COVID-19 белгілерінің бірі болуы мүмкін - Денсаулық сақтау министрлігі жаңа хаттамасы

COVID-19 үшін жаңа клиникалық хаттамалар бекітілді

Мұнай бағасы 40 пайызға өсті

Шамамен жарты сағат бұрын Brent маркалы мұнай бағасы 40 пайызға көтерілді

Қазақстандықтарға 42 500 теңге туралы SMS келе бастады

Миллионнан астам қазақстандықтар жәрдемақыны белсенді түрде алады

Коронавирустың өсуі баяулауда - Ерлан Қарин

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантиндік режимнің күшеюі өз нәтижесін беруде

Түркістан облысында жаңа тіркелген науқастар - коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар

Бүгінде өңірде коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген

Қазақстанда ел бюджетінің тапшылығын алдын алу үшін 3 триллион теңге қарызға алу жоспарланыпты

Вице-министр: Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін 2,4 трлн теңге қарыз алу қажет

Мүгедектігі бар 75 жастағы алматылық қария үйінде жалғыз қалып, азық-түлік алуға сыртқа шыға алмай отыр

Зейнеткер: Полиция көріп қалса, ұрысып шыға келеді

Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиындарға шақыру туралы қаулыға қол қойды

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

Алматы обысында нанды қаптамасыз сатқан кәсіпкер айыппұл арқалады

Азаматқа 26 510 көлемінде айыппұл тағайындады
Çàãðóçêà...