Қазақстанның опера әншісі Ғафиз Есімов қайтыс болды
Отандық опера саласының көрнекті қайраткері Ғафиз Есімов дүниеден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі 12 қараша күні 78 жасында көз жұмды.
Ғафиз Есімов – Қазақстанның опера өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті өнер адамы, педагог және режиссер.
Ғафиз Есімовпен қоштасу рәсімі 14 қараша күні сағат 10:00-де Алматының Орталық мешітінде өтеді.
Ғафиз Есімов 1947 жылы 9 мамырда Атырау облысында дүниеге келген. Бірінші геолог мамандығын бітірді. Бірақ кейін Алматы консерваториясына түсіп, музыка саласын таңдайды. 1975 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисі болды.
-
Соғысты өз көзімен көріп, даусымен жарты әлемді тамсандырған қазақ қызы: Роза Бағланованың өмір жолы
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан