Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның Қырғызстандағы және Үндістандағы елшілері тағайындалды

Қазақстанның Қырғызстандағы және Үндістандағы елшілері тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фотода: Рәпіл Рәпіл және Нұрлан Жалғасбаев

"Рәпіл Сейітханұлы РәпілҚазақстан Республикасының Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Бұған дейін осы қазметті атқарған Қайрат Айтмұхамбетұлы Нұрпейісов лауазымынан босатылды.

Сонымен қатар Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды.

Бұрын осы лауазымды иеленген Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев қызметінен босатылды. Сондай-ақ ол Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы, Бангладеш Халық Республикасындағы, Непал Федеративтік Демократиялық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын қоса атқарудан босатылды.

Гүлдана Қазтай
Дүйсенбі, 19 Сәуір, 2021 10:03
Талқылау