Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда пәтер өзін-өзі ақтауы үшін оны қанша уақыт жалға беру керек

Жылжымайтын мүлік сарапшылары қазір жалға берілетін пәтерді алу тиімді ме деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Krisha.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Жылжымайтын мүліктің өзін-өзі ақтауы үшін қанша жыл қажет және бұл Қазақстанның қай қалаларында жылдам болатыны анықталды. Сарапшылар анықтау үшін ең танымал жалға берілетін мүлік, ауданы 35 шаршы метр бір бөлмелі пәтерді мысалға алды.



Олардың пікірінше, Қазақстандағы орташа өтелу мерзімі 9 жыл 6 ай. Жалға берілетін пәтерді алудың ең тиімді жолы – Көкшетауда. Мұнда өтелу мерзімі – 8 жыл. Екінші орында Ақтөбе қаласы, 8 жыл 7 ай. Ал үшінші орында Қостанай, 8 жыл 9 ай. Ең ұзақ өтелу мерзімі Ақтауда – 11 жыл 9 ай.

Сондай-ақ өтеу мерзімі ең ұзақ қалалар арасында:

  • Ақтау – 11 жыл 9 ай;
  • Шымкент – 11 жыл 3 ай;
  • Алматы – 10 жыл 7 ай.

Фото: krisha.kz

Көкшетау, Ақтөбе және Қостанай өте қысқа мерзімге байланысты жалға берілетін жылжымайтын мүлікке инвестиция салу бойынша ең жақсы қалалар санатында. 

Пәтерді жалға алу тиімсіз қалалар Ақтау, Шымкент және Алматы. Олардың өтелу мерзімі 10 жылдан асады.

Krisha.kz дәл екі жыл бұрын, 2022 жылдың қарашасында дәл осындай есеп жүргізген. Ол кезде жалға алу ақысы жылдам өтелетін өңір ретінде Орал қаласы таңдалды. Онда ең төменгі мерзім – 8 жыл. Ал орташа төлеу уақыты – 13 жыл 7 ай, Шымкент қаласында, 

Қазіргі 9 жыл 6 аймен салыстырғанда ол кезде ел бойынша орташа көрсеткіш 9 жыл 7 ай болды. Жалпы, кейінгі екі жылда жағдай іс жүзінде өзгеріссіз қалды.

Пәтерді жалға беру тиімді ме?

Көпшілігі Қазақстанда жылжымайтын мүлікке инвестиция салу тиімсіз деп санайды. Себебі жалдау кірісі жылына шамамен 10%, ал депозиттер 15%.

Дегенмен пәтер мен жалдау бағасының өсуін, инфляцияны ескере отырып, бұл инвестициялық құрал өзекті болып қала береді. Ол жоғары пайда үшін емес, ақшаңызды үнемдеу үшін таңдалады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда жылжымайтын мүлік сатылымы 13% өскені туралы жазған едік. 

Талқылау