Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның қай аймағында қатты қар жауатыны белгілі болды

Синоптиктер 2020 жылғы 3-5 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

"Оңтүстік циклонмен байланысты атмосфералық фронттар республиканың басым бөлігіндегі ауа райын анықтайтын болады. Қар жауады, жекелеген өңірлерде қатты қар жауады, жел күшейіп, боран соғады деп күтіледі. Тек батыста аздаған бұлтты және аязды ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман күтіледі", - дейді синоптиктер.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 02 Желтоқсан, 2020 11:25
Талқылау