Қазақстанның халықаралық банктерден алған миллиардтаған несиесі қайда жұмсалады
Мәжіліс депутаттары халықаралық қаржы институттарынан несие алуды көздейтін бірқатар келісімдерді ратификациялады. Құжаттар Сенаттың қарауына жіберілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Депутаттар Азия даму банкінен, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінен және Халықаралық Қайта құру және даму банкінен жалпы сомасы 190 миллиард жапон йенасы мөлшерінде қарыз алу туралы келісімдерді бекітті.
"Қазақстан мен Азия Даму Банкі (АДБ) арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы" Заң жобасы. Қазақстан президентінің 5 тамыздағы Жарлығына сәйкес 2024 жылы 23 тамызда 52,3 миллиард жапон иені (173 миллиард теңгеге жуық) сомасында несиелік келісімге қол қойылды. Жапон иеніндегі валютаны таңдау Жапониядағы тарихи төмен базалық пайыздық мөлшерлемелермен, сондай-ақ қазақстандық теңге мен иен арасындағы тығыз корреляциямен байланысты. Бұл қаражат көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіпті, білім беру мен мемлекеттік басым шараларды қолдауға жұмсалады”, – деді Қаржы министрі Мәди Такиев.
Оның айтуынша, Азия даму банкінің қарызы Қазақстанға 15 жыл өтеу, оның ішінде үш жылдық жеңілдік кезеңімен беріледі.
"Тартылған несиені жараты және өтеу Қарыз шартында белгіленген қаржылық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, Азия даму банкінен жеңілдетілген несиелерді тарту экономикалық өсуді қолдау шараларын қаржыландыру қажет болған жағдайда стандартты тәжірибе саналады", – деді Тәкиев.
Қазақстан мен Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі арасындағы Несиелік келісім шеңберінде 52,7 миллиард жапон иені (174 миллиард теңгеге жуық) көлемінде несие алу жоспарланып отыр.
"Бұл қаражат үкіметтің бірінші кезектегі шараларын, көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіпті, білім беру және басқа да басым бағыттарды қаржыландыруды қолдауға мүмкіндік береді. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі несиесі Қазақстанға өтеу мерзімі 15 жыл, оның ішінде үш жылдық жеңілдік кезеңімен беріледі", – деді министр.
Ал, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасында 84,9 миллиард жапон иені (280 миллиард теңгеден аса) көлемінде несие алу көзделген.
"Бұл қаражат экономикамыздың маңызды секторларын қамту мақсатында 2024 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген негізгі бағыттар мен міндеттемелерді қаржыландыруға жұмсалады. Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкінің несиесі Қазақстанға өтеу мерзімі 11 жыл, оның ішінде бес жылдық жеңілдік кезеңімен беріледі", – деді Тәкиев.
Айта кетейік, бұған дейін Үкімет экономиканың тұрақтылығын қолдау үшін халықаралық қайта құру және даму банкінен (ХҚДБ) жаңа несие тартуды жоспарлап отырғаны туралы жазған едік. Қарызға алынатын қаржы көлемі 271 миллиард теңге көлемінде.