Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 25 жоғарғы оқу орны лицензиясынан айырылып қалды

Білім және ғылым министрлігі 25 университетті 60 лицензиясынан айырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті 25 университеттің лицензия алуға берген 60 өтінішін кері қайтарған. Олардың көпшілігі комитет тексерулер жүргізгеннен кейін кері шақырылды", - дейді баспасөз қызметі.


 


Негізінен бұл университеттер "Педагогикалық ғылымдар", "Өнер", "Гуманитарлық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары", "Техникалық ғылымдар", "Қызмет көрсету", "Әлеуметтік ғылымдар" сияқты бағыттар бойынша дайындық жүргізетін жоғарғы оқу орындары. 

"Тексерулердің нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарының нормативтік құқықтық актілерді сақтамағаны анықталды. Талапкерлерді қабылдау, профессорлық-оқытушылық құрамның біліктілігін арттыру (ПОҚ), профессорлық-оқытушылық құрамды конкурстық түрде ауыстыру, профессорлық-оқытушылық құрамның оқу жүктемесін жоспарлау, студенттерді қорытынды аттестаттау, диплом бланкілерін тіркеу бөлігінде заң бұзушылықтар жасалған", - дейді министрліктің баспасөз қызметі. 

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда бірнеше университеттің лицензиясы тоқтатылғаны анықталған. 

STAN.KZ
Сәрсенбі, 16 Қыркүйек, 2020 14:28
Талқылау