Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Университетте оқудың қажеті жоқ": Танымал әнші жас талапкерлерге кеңесін айтты

«Ринго» тобының әншісі Аян Бірбаев мектеп түлектеріне сәлемін айтты. Әнші университетте оқып, 4-5 жыл уақытыңды зая кетірудің қажеті жоқ деген кеңесін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Биылғы мектеп түлектері Ұлттық бірыңғай тетілеуден өтіп, армандағы оқу орнына асығуда. Түлектің бәрі бірдей өзі қалаған оқу саласына ілінбеуі мүмкін. Тіпті кейін басқа мамандықта қызмет етуі ықтимал. Осы ретте әнші Аян Бірбаев университетте оқып, уақыт жоғалтудың керегі жоқ дейді. 

Аян Бірбаев өзі секілді әнші болғысы келетін немесе бизнеспен айналысқысы келетін жандарға осындай кеңесін айтады. Себебі бұл кәсіп жоғары білімді талап етпейді деген пікірде. 

"Менің мамандығым - инженер-мұнайшы. Бірақ ол мамандықпен жұмыс істеген жоқпын. 4 жыл университетте бакалавр бойынша, екі жыл магистратурада оқыдым. Дипломымның қайда екенін де қазір білмеймін. Пайдаға жараған жоқ. Егер мұғалім, дәрігер болам десеңіз, әрине онда міндетті түрде оқу керек. Басқа шығармашылық жұмыстарға дипломның керегі жоқ", - деді Аян. 

Аянның пікірімен өзге әріптестері келісе бермейді. Мәселен, Айдар Тұрғамбек жоғары білімнің қашанда кәдеге жарайтынын айтады. 

"Жоғары білім міндетті түрде керек. Базалық, теориялық білім адамға керек. Білімді маман болам десеңіз, оқуыңыз керек. Қай салада болмасын теориялық білім алған маңызды. Ал, практикалық білім диплом алған соң жалғаса береді", - деді ол.

Айдар Тұрғамбектің сөзін модель Динагүл Тасова да қолдайды.

"Әрине білім алу керек. Диплом болу керек. Белгілі бір мамандықты армандаған адам сол саланы оқуы керек. Мен бала күнімнен журналист болуды армандадым. Арманыма жеттім. Мамандықты оқыдым, сол салада жұмыс істеп жатырмын", - деді Тасова. 

Талқылау