Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Фрация президенті қазақ тілінде жазба жариялады

Франция президенті Эммануэль Макрон Астанадағы сапары аяқталғаннан кейін X (Twitter) әлеуметтік желісінде қазақ тілінде пост жазып қалдырды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: akorda.kz

Эммануэль Макрон жазбасында Франция мен Қазақстан арасындағы келісім мен ынтымақтастық туралы жазды.

“Ірі державалар үстемдікке қайта ұмтылған, ал кейбірінен болжауға болмайтын әрекет күткен әлемде жаңа перспективаларды ортақ етуге және бірге құруға болатын серіктестер мен достарға сене алу өте бағалы. Қазақстан мен Франция солардың қатарына кіреді", – деп жазды Франция перзиденті. 

Айта кетейік, 1 қараша күні Эммануэль Макрон Астана қаласына ресми сапармен келді. Мемлекет басшылары Қазақстанда қазақ-француз университетін ашу мәселесін талқылады. Сондай-ақ кеншілердің қазасына байланысты Қазақстан халқына көңіл айтып, еліміздің ешбір державаға тәуелді болмауын қолдайтынын жеткізді. 

 

Талқылау