Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қазақстанға түкіргенім бар” деген ресейлік әнші халықтан кешірім сұрады

Ресейдің Serebro тобының әншісі Ольга Серябкина Қазақстан халқының ренішін тудырды. Ол Life телеарнасында тікелей эфирде «Қазақстанға түкіргенім бар» деп қалған. Осыдан соң әншінің Инстаграмдағы парақшасына қарсы пікірлер қарша бораған. Артынша ол инстаграм парақшасы арқылы қазақстандықтардан кешірім сұрады.

16124105_794521884019731_4453928863168200704_n

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

«Бүкіл Қазақстанның саған түкіргені бар», «Ешқашан Қазақстанға келме!» деген сынды пікір жазған әншіге әлеуметтік желі қолданушылары. Сондай-ақ, тыңдармандар әншінің Қазақстанда концертін қоюға байкот жариялау туралы ұсыныс жасаған.

Айта кетейік, Ольга Серябкина мен Екатерина Кищук Mortal Кombat ойынын ойнап отырып, желі қолданушыларының сұрағына жауап  беру керек болған. Бағдарлама жүргізушісі «Қазақстан…» деп басталатын сұрақты қоя бергенде, әнші «Қазақстан? Қазақстанға түкіргенім бар…» деп қойып қалған.

Кейінірек әнші өз сөзіне өкініп, инстаграмдағы парақшасында қазақстандықтардан кешірім сұрады.


Жіберіп алмаңыз:

Баян Есентаева: Тағдырдың алдын ала жазылып қоятынына көзім жетті

Баян Есентаевамен селфи жасаған қазақстандық келіншек жылап жіберді

«I am Singer»-дің 5-кезеңі өтті: Димаш байқауды жалғастыруда

Франция Димаштың орындауындағы француз әніне таңдай қақты

Талқылау