Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық психолог секс туралы балаларға ерте жастан айтпауға кеңес берді

“Аналар үйі” орталығының психологы балаларға жыныстық қатынас туралы кешірек айтуға кеңес берді. Мұның орнына қыз баланың өзіне берер бағасын өсіруді ұсынды.  Яғни қазақ қоғамының “жыныстық тәрбие” ұғымын дұрыс түсінбейтіндігін тілге тиек етті.

нрек

Бұл туралы Қазақстан арнасының “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Елімізде 24 “Аналар үйі” бар. Олардың бесеуі Алматы қаласында орналасқан. Мұнда кем дегенде 10 жас ана бір жыл бойы тегін тұрады. Олармен психологтар үздіксіз жұмыс жасайды. Ана атанған қыздар тамақпен, киім-кешекпен қамтылып, тігін тігуді үйренеді. Қоғамдық қор осы күнге дейін 1826 анаға көмек көрсеткен. Яғни 2000-ға жуық сәби жетімдер үйіне өткізілген жоқ. Алтыншаш Матаева “Аналар үйінің “психологы. Маман балаға ерте жастан жыныстық тәрбие туралы айтудың қажеті жоқ екенін айтып жатыр.

“Мен жұмыс жасайтын Астана қаласындағы “Аналар үйінде” отызға жақын қыз бала бар. Ең кішкенесінің жасы – 18-19-да. Қажеті жоқ деп айта алмаймын. Мәселе, жыныстық тәрбиені біздің қалай түсінетіндігімізде. Өкінішке орай, жыныстық тәрбие деген кезде жыныстық қатынас туралы айтуымыз керек деп ойлаймыз. Қазіргі таңда мектеп бағдарламасына гендерлік тәрбие туралы пәндерді енгізу туралы әртүрлі қимылдар болып жатыр. Бұл ұғымға қыз баланың өзін қыз ретінде сыйлауы, ер баланың өзінің болашақтағы рөлінің қандай екенін түсінуі кіреді. Жанар ханым, қыздар көп ойланбайды деп айтып отыр. Қыз бала ойланбайды емес ойланады.

Бар қателік қыз баланың сенгіштігінен болады. Олар өзін ұмытады, көңіл бөлмейді. Анасы үлгілі, жақсы әйел бола алмағандықтан, осындай дәрежеге жетеді. Себебі, қыз бала шешесіне қарап өседі. Екіншіден, қыз баланың өміріндегі алғашқы еркек – оның әкесі. Ал әкесі ішіп, жолдасын ұрса, бала-шаға одан қорқып далаға қашса, ер-азамат туралы жақсы ұғым қалыптаспайды. Қыздар ер-азамат диктатор, мені зорлаушы, маған қол көтеруші адам деп ойлайды. Осыдан кейін қыз баланың ойында “Мен жәбірленушімін” деген ұғым қалыптасып, дәл осындай адамдарды өміріне тартады. Мұндай отбасында өскен қыз бала өзін сыйламайды. Өзінің жанұясынан тыс жерден махаббат іздейді. Демеудің орнына алдауға дайын тұратын жігіттеріміз де табылады”, – дейді психолог.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстан мен қазақстандықтардан көңілі қалған туристер: 4 оқиға

Серік Абас-шах тоқалымен елді құтқармақ болған Қыдырәліні әжуалады

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Талқылау