“Генерал келін” енесін жаңа түскен абысынынан қызғанып жүр

Сейсенбі, 10 Қаңтар , 2017 19:14

“Әйелдер бақыты” бағдарламасының поштасына көпшіліктің ықыласына бөленген хат келіп түсті. Аталған хатта қазақстандық әйел өзінің енесін абысынынан қызғанатынын жазған екен. Осы орайда, абысынымен қарым-қатынасының айтарлықтай жақсы екенін айтып кеткен.

жзх

“Жасым 23-те. Тұрмыс құрғаныма биыл 6 жыл болды. Жуырда туған қайын ағам үйленді. Енді енемді қатты қызғанып жүрмін. Әбден өзім де еркелеп үйреніп қалыппын. Мені де келініндей емес, туған қызындай көреді. Абысыным енеме сөйлеп, ол кісіні базарға ертіп кетсе, кәдімгідей қызғанамын. Енем абысыным екеуімізді бөліп жармайды. Не зат алса да, бірдей қылып алады. Күйеуіме айтсам, “жүктіліктен болып жатқан шығар” дейді. Қазір үшінші балама аяғым ауыр. Абысыным енемді “мама” деп қалса, қатты қызғанамын. “Бөлек шығар” десем, енем маған күледі. Өзім де неге олай екенін түсінбеймін. Абысыным да өте жақсы. Ақыл тоқтатқан. Еш санаспай, үй тірлігін бірге жасаймыз. Бір жағыма шығысып, көмектесіп жүреді”, – дейді келіншек.

Аталған хатты Ләйлә Сұлтанқызы студия қонақтарының көзінше оқып шықты. Қонақтар бір күліп алды. Ене мен келіннің жылы қарым-қатынасына қайран қалды. Ал келесі бір кейіпкер Туғанбай Төлебаева қазір 30 жаста екен. 3 қыз, 1 ұлдың анасы. Медбике болып жұмыс істейтін Туғанбай қазір декреттік демалыста. Ол керісінше енесін қызғанбай, жаңа түскен келінге барынша қолдау көрсетіп жатқанын айтып жатыр.

“2009 жылы келін болып түстім. Түскеніме 8 жыл болды.  Бір-бірімізді бұрыннан білетінбіз. Көрші тұрдық. Үйдің жанында тұратын. Жақсы бәрі. Қолдан ұзатылдым. Ешқашан түсінбестік болған емес. Енем дұрыс емес нәрсені айтатын кезде айтады. Енем деп айтпаймын, анамдай жақсы көремін. 8 жыл бойы жалғыз келін болдым. үш ай болды үшінші қайным үйленді. Ортадағы қайным үйленген жоқ.

Жаңа түскен келінді алып қашып келді. Әлі де үйренісіп жатыр. Жақсы қарсы алдым. Басынан қайным бірінші таныстырған. Мамалардан бұрын біз таныстық. Жас арамыз – 6 жас. Төрт ай болды конфлик жоқ. Таңертең кетеді, кешке келеді. Дайын нәрсеге келетіні де бар. Енеміз екеуімізді бөліп жармайды. Оған менен үйренуге кеңес береді. Қажет кезде жұмсаймын. Бір күн демалысында үйде болып, үйді жинайды. Тамақ дайындайды. Көп жұмысті сол істейді. Жұмыста болған мен. Кешке келіп көмегін береді. Ыдысын жуысып, айтқанымды істейді. Оған дискомфорт сезілетін шығар. Келе салып үйрену қын ғой. Басқа жерге келесің”, – дейді Туғанбай Төлебаева.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Пәктігінен айырылған қазақ қызы амалсыздан көңілдес болып жүр

Қазақ жігітінің 3 жыл жүрген сүйіктісі басқадан жүкті болып қалған

Келін: Енем мені ұрлықшы етіп шығарды

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.06.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар