Қазақ жігітінің 3 жыл жүрген сүйіктісі басқадан жүкті болып қалған

Сәрсенбі, 12 Қазан , 2016 14:15

Семей қаласының тұрғыны Алдияр қазір 24 жаста. Осы уақытқа дейін үш қызбен жүрген. Жігіттің айтуынша, сүйіктілері еш себепсіз өзге жігіттерге тұрмысқа шығып кеткен.

love-1115563_960_720

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Алдияр есімді азамат қызымен Семейде үш жыл жүреді. Сүйіктісімен 18 жасында көңіл қосқандықтан, бірден үйлене алмайды. Артынша оған оралуға уәде беріп, Астана қаласына білім іздеп келеді. Жырақта жүрсе де, сүйіктісімен телефон арқылы сөйлесіп, демалыс күндері кездесіп тұрады. Біраз уақыт өткен соң Алдияр Семей қаласына қайтып оралады. Бірден сүйіктісінің үйіне барады. Алайда бойжеткен туыстары арқылы үйден шықпайтынын жеткізеді. Осыдан кейін ол Алдиярға айырылысу туралы смс-хат жазады. Шарасыз қалған жігіт сүйіктісінің сыныптасынан мән-жайды сұрастырады. Ақырында қызының өзге жігіттен жүкті болып қалғанын біледі.

“Махаббат станциясы” фильміндегідей той үстінде сүйіктіммен сөйлесіп отырған емеспін. Бірақ басымнан өткен оқиға бұдан да күрделі десем болады. Сол кездегі өзім жасаған романтикалық әрекеттерді есіме алсам, ерекше қуанамын. Сүйіктім 9 қабатта тұратын. Ара-тұра әр қабатқа гүл қойып кететінмін. Жаяу түссін деген оймен жеделсатыны жібермей ұстап тұратынмын. Ал Астана қаласына 2011 жылы келдім. Телефонмен сөйлесіп, агент арқылы хат алмасып жүрдік. Уақыты келгенде отбасын құрамыз деп те уәделестік. Оқу арасында Семейге жиі барып жүрдім. Бірақ бір барғанымда сүйіктім шықпады. Себебін түсінбей, есігінің алдынан қайттым. Үйге жете бергенімде телефоныма хат келді. Қызым айырылысқысы келетіндігін жазған. Бірақ себебін түсіндірмеген. Менің сыныптасым қызымның группаласы болатын. Жағдайды осы сыныптасым арқылы сұрастырдым. Ақырында қызымның өзге жігіттен аяғы ауыр екенін білдім. Қызым өзін жүкті қылған жігітке ұзатылып кетті”, – дейді Алдияр.

Жүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзі танымайтын бойжеткеннің әрекетін опасыздыққа балады. Ал психолог Лимана Құттыбекқызы бар айыптың жігітте екенін айтты.

“Әңгімеңізге қарап жақсы бір портрет жасауға болады. Сіз үшін қызды танып-білу деген ой маңызды емес. Бірден бас салып, ол адамды меншігіңізге айналдырғанды ұнатасыз. Әр адамның өзінің жеке шекарасы болады. Олар сол шекарасына ешкімді жақындатпауға тырысады. Ал сіз өз кезегіңізде осы ережені бұзып тұрсыз. “Бұл менікі” деп басқарып, хан болғыңыз келеді. Бойыңызда көшбасшылық қасиет өте жоғары. Бәлкім бұл да қажет шығар. Бірақ бұл қасиетті керек ететін қыздар және етпейтін қыздар болады. Соны да ескеруіміз қажет. Сізге осы уақытқа дейін өзі көшбасшы болуды жақсы көретін қыздар жолыққан. Өзіңіз қарапайым, биязы қыздарды ұнатамын деп отырсыз. Сізге, расымен де, дәл осындай қыздар керек. Яғни, сізге жетелеуді қажет ететін, өзіне деген сенімділігі төмен қыздар сай келеді”, – дейді психолог маман.

Бағдарлама барасында маман Алдиярдың шектен тыс қызғаншақ екенін анықтады. Қызбалықпен артық кетіп қалатын кездері де болады екен.

“Қызғаншақтығымды жасырмаймын. Ол қыз маған тиесілі болған соң, неге қызғанбаймын. Қазір бұл қызбен мүлдем араласпаймын. Бірақ ара-тұра өзгелер арқылы жағдайын біліп тұрамын. Қазір бір баласы бар екен. Білуімше, күйеуімен жақсы тұрып жатыр. Сыныптасымның инстаграмынан суреттерін көргенімде көзімнен жас еріксіз шығып кетті. Қазір жүріп жүрген қызым жоқ. Бірден сезімге беріліп, ашылып та кетпеймін. Аузы күйген үрлеп ішеді демекші, мейлінше қырағы болуға тырысамын. Қарапайым, рухы қазақ, үй шаруасына өте жақсы, артық мінезі жоқ қыздарды ұнатамын”, – дейді Алдияр.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Келін: Енем мені ұрлықшы етіп шығарды

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп елді шошытты

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Шоу бизнестегі жұлдыздар келіндік міндеттерін қалай атқарып жүр (фото, видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар