Пәктігінен айырылған қазақ қызы амалсыздан көңілдес болып жүр

Жұма, 14 Қазан , 2016 13:26

26 жастағы бойжеткен отбасылы еркекке алданып қалған. Бастапқыда жігіті Айжанның пәк қыз екенін білмеген. Алғашқы түннен кейін бойжеткеннің алғаш рет жыныстық қатынасқа түскеніне көзі жетіп, не істерін білмей қалған. Жігіттің әйелімен ажырасуға уәде бергеніне жарты жылдан астам уақыт өткен.

гонр

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасында айтылды.

Батыс елдеріндегі некенің 90%-ы бір жылға жетпей жатып бұзылады. Көптеген некенің бұзылуына опасыздық себеп болады. Әсіресе, Мальдив, Белоруссия және Бельгия сынды мемлекеттерде ерлі-зайыптылар бір-бірінің көзіне шөп салады. Ал жалпы статистикаға сүйенсек, еркектердің 70%-ы әйелдерінің көзіне шөп салады. Бұл мәселеге келгенде Қазақстанның да жағдайы мәз емес. Соның бір дәлелелі – көңілдес болғанды ұнататын әйелдердің көбеюі.

Қазақстандық психолог көңілдес әйелдердің психологиясы туралы айтып берді. “12 мен 16 жас аралығында әрбір қыз бала бір-бірімен бәсекелестікке түседі. Бәсеке барасында ұтылатын адамдар болады және ұтылдым деп ой түйетін жандар болады. Ұтылған қыздың санасында “Мен әйел затынан жеңіліс таптым. Бұл менің өмірімде екінші рет қайталанбауы тиіс” деген ой қалыптасады. Өскен соң осы қыздар әйелі бар еркектерге құмарта бастайды. Яғни, осылайша әйел затын жеңе алатындығын дәлелдеп, өзіне деген сенімділігін көтермек болады”, – дейді психолог Марал ханым.

Мұндай оқиғаларды жиі кездестіруге болады. Бірі отбасылы еркекке ғашық болып, сезімін тежей алмай қиналады. Екіншілері отбасылы еркекке қалай алданғанын білмей қалып жатады. “Әйел бақыты” бағдарламасының кезекті шығарылымына пәктігінен айырылғандықтан, амалсыз көңілдес болып жүрген бойжеткен келген.

“Мен 26 жастамын. Дәл қазір жұмыс жасаймын. Бірақ қай жерде жұмыс істейтінімді айтпай-ақ қояйын. Құрбымның туған күнінде мейрамханаға бардық. Сымбатты жас жігіт мені биге шақырды. Танысып, бірден ұялы телефонымның нөмірін алды. Содан бір аптадан кейін жүруге ұсыныс тастады. Ол жігітте көңілім болды, бір шетінен жасым да келіп қалды. Осы уақытқа дейін сабақтан бас алмайтынмын. Жігітпен жүріп, сүйісіп көрген емеспін. Күнде гүл сыйлап, романтикалық кештер ұйымдастыра бастады.

Біраз уақыт өткен соң мінезінің өзгере бастағанын байқадым. Мені достарынан жасырып, ұялы телефонын тығып қоюды шығарды. Қарым қатынасымыз жарты жылға созылды. Бір күні әйелін телефонына “мама” деп жазып қойғанын көрдім. Әйеліне ешнәрсе айтпадым. Жігітімді кешке кездесуге шақырып, ашық сөйлестім. Ол үйленгенін, жуырда ажырасатындығын айтты. Кешірім сұрады. Өзім сүйіп тұрған соң кешірдім. Міне ажырасамын дегеніне жарты жыл уақыт өтті. Бір шетінен алғашқы жігітім болғандықтан, қатты бауыр басып қалдым.

Біз жыныстық қатынаста болдық. Ол өзінің менің өмірімдегі алғашқы жігіт екенін жақсы біледі. Алғашқы түннен кейін қатты таңқалғаны да бар. Қарап тұрсаңыздар, менің еш кінәм де жоқ. Мен бар болғаны алданып қалдым. Оның отбасының бар екенін білгенімде, мен артық кетпес едім. Пәктігімнен айырылып қойғандықтан, мен одан бас тарта алмаймын. Алданғаным үшін қатты өкінемін. Отбасының бар екенін білгенімде, жыныстық қатынасқа түспейтін едім”, – дейді Айжан есімді бойжеткен.

Бағдарлама соңында Ләйлә ханым мен психолог маман тақырыпқа қатысты өз ойларын білдірді. Олар Айжанға жігітінен бас тартуға кеңес берді. Ал бұл мәселеге қатысты бойжеткенге сіз қандай кеңес берер едіңіз?

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ жігітінің 3 жыл жүрген сүйіктісі басқадан жүкті болып қалған

Келін: Енем мені ұрлықшы етіп шығарды

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп елді шошытты

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар