Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел туған қыздарын зорлап келген күйеуі туралы айтты

Гүлмира Күркебаева мен күйеуінің бес баласы бар. Олардың арасында жанжал туып, енді ажырасқалы жатыр. Кезінде келіншек әкесі берген үйді күйеуінің атына жаздырған екен. Ол осы үйді ажырасу үрдісі кезінде бөліске салудан бас тартты. Мұнымен қатар, күйеуінің осы күнге дейін қыздарына зорлық көрсетіп келгенін айтты.

епа

Бұл туралы КТК арнасының “Наша правда” бағдарламасында айтылды.

Екі тарап бөліске сала алмай отырған үй Алматы облысы Рахат ауылында орналасқан. Аталған үй заңсыз салынған. Яғни оны мемлекет кез келген уақытта сүріп жіберуі мүмкін. Ал үй салынған жердің құжаттары күйеуінің атына жазылған.

“Мен өзімнің жерім үшін күресетін боламын. Бұл жер менің балаларыма тиесілі. Ал күйеуім оны алып қоймақ. Ажырасқан соң, ол тиесілі құжаттарға қол қоймай жатыр. Менің туған ағам көрші тұрады. Ол үйінің құжаттары дұрыс болмағандықтан, жерін менің атыма жазып берген болатын. Күйеуім оны да бөліске салғысы келіп отыр. Мен қарсымын. Ол жер мен үй маған бес балам үшін керек. Әкем Талғардан екі бөлмелі үй алып берген болатын. Сол бір бөлмені сатып, мына жер үйді алдық. Бірақ жердің құжаттары күйеуімнің атында. Әкемнің бауыры тегіміз бір болмау үшін жаңағы үйді күйеуіме жаздырған болатын”, – дейді Гүлмира Күркебаева.

Дәл қазір келіншектің күйеуінің қайда жүргені белгісіз. Ол із-түссіз жоғалып кеткен. Тіпті, туысқандарының өзі оны таба алмай отырғанын айтып жатыр. Әкелері балаларды аяусыз ұрып-соғатын болған. Тіпті, туған қызын зорламақ болған екен.

56546867568-1101

“Мен жұмыста болған кезде, ол Сәнияны өзінің бөлмесіне шақырған. Артынша кеудешесін шешіп, омырауын иіскей бастаған. Келесі күні қасына жатып ұйықтаған. Денесін аймалап, ұятты жеріне қол салған. Сәния маған бұл туралы ашып айтып берді. Артынша мұның қаншалықты рас екенін күйеуімнен сұрадым. Ол қызымның сөздерін растады. Кінәсін мойындады. Кешірім сұрады. Ал қызымның үстіне жара шығып, түрлі ауруға шалдықты”, – дейді келіншек.

Туған әкесінен зорлық көрген Сәнияда тері ауруы пайда болады. Психикасы да бұзыла бастайды. Алайда анасы оны психолог маманға тек арада 2 жыл өткен соң ғана қарата бастаған екен. 12 жастағы бүлдіршін мектеп психологымен жұмыс істеген. Студияға келген қонақтардың бірі анасының бұл әрекетіне қатты ашуланды. Қыздың әкесін ғана емес, әйелді де айыптады.

vu5DgrEOC6w

“Иә, мен өзімді кінәлі сезінемін. Осы жазда полицияға бардық. Қызым екі рет арыз жазды. Бірақ істі жауып тастады. Екі жыл бұрын келмегендіктен, дәлелдер табудың қиынға соғатынын айтты. Үлкен қызыма да тиісіп, оны ұратын. Балаларыма тыныштық бермейтін. Қызым кішкентай болған кездің өзінде оған қол көтеретін. Қорқып өмір сүрдім. Бір шетінен ұят деген нәрсе жібермеді”, – дейді келіншек.

Алайда заңгер Серік Айтбаев бұл істі қайта қарап, жеңіске жетуге болатындығын мәлімдеді. “КТК арнасында дәл осыған ұқсас оқиға туралы айтылды. Әкесі өзінің туған қызына зорлық көрсетіп келген. Дәл осылай істі 4 рет ашып-жапқан. Нәтижесінде әке 10 жылға бас-бостандығынан айырылды. Анасы қайта-қайта шағым түсіріп жүріп, жеңіске жетті”, – дейді ол.

“Анасының өзі бұл оқиғада құрбанның рөлін ойнап отыр. Бұл оған тән мінезі. Балаларынан бұрынғ аналарына ұзақ уақыт психолог маманға қаралу қажет. Сырттай мықты көрінгенімен, күйеуінің қасында өзін тым әлсіз сезінеді”, – дейді психолог Жанат Смирнова.

Бүгінгі таңда Гүлмираның үлкен қызы отбасынан бөлек тұрады. Ол тұрмысқа шығып кеткен екен. “Әкем ешуақытта жақсы адам болған емес. Ешқашан жұмыс та істемеді. Бізге қамқорлық танытқан жоқ. Анамыз ғана жұмыс істеп, бізді алға сүйреді. Бізді өсірді. Мен әкемнің туған қызы емеспін. 9-10 жаасымда мен ғана емес, құрбыларым да әкемнен қорқатын. Олар менің үйіме келмеуге тырысатын. Бәлкім оларға да тиіскен шығар. Мен қорыққандықтан, ешкімге айтпай келдім. Туыстарыма қашып барып қонатын күндерім болды. Кішкентай болсам да, өмір сүргім келмейтін.

Белдікпен ұрып мені қорлады. Жұдырықпен ұрып, бет-аузымды көгертіп тастайтын. Менің басымнан не өткенін сіздер елестете де алмайсыздар. Бір күні одан қашамын деп аяғымды шығарып алған болатынмын. Сынықшыға барып, көп жыладым. Әлі күнге дейін аяғым ауырады. Жылаған кезде денемнің сол жақ бөлігін сезбей қаламын. Бізде қолдау болмады. Адамдарға айтуға ұялдық. Әлі күнге дейін ұяламыз. Мұны үйге бола істеп жатқан жоқпыз. Мен әкемді өзім үшін кешірдім. Бірақ сіңілдерім үшін кешірген жоқпын”, – дейді Ботакөз.

Бөтакөз әкесінің өзін ұрғанымен, ешуақытта зорламағанын айтып жатыр. Бет-аузы көгеріп мектепке барған күндері болыпты. Дәл қазір аталған оқиғаның немен аяқталғаны белгісіз.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та 7 жасар қызды бауыздап өлтірген 15 жастағы қыз бала тұтқындалды (фото)

Ресейлік атышулы қанішер 59 құрбанының денелерін қайда жасырғанын көрсетті

Шымкентте сатушы әйелдің өлімі бойынша айыпталған күйеуі кінәсін мойындаған жоқ

Талқылау