Шымкентте сатушы әйелдің өлімі бойынша айыпталған күйеуі кінәсін мойындаған жоқ

Сәрсенбі, 11 Қаңтар , 2017 13:26

ОҚО-ның Сарыағаш ауданы мамандандырылған ауданаралық сотта күйеуінің сұрауымен Нұрипа Құрбанованың өліміне қатысты іс қаралды. Оның өліміне күйеуі күдікті деп айыпталуда.

cba3568516291298aa2243d493d822d9

Бұл туралы tvk  арнасы хабарлайды.

Оқиға былтырғы жылдың тамызайында боды. Күдікті Талғат Үдербаев өзінің кінәсі жоқ екенін айтты. Оның анасы да ұлының кінәсіз екенін айтты. Айыпталушы жақ олардың үш баласын да сот отырысына әкелді. Алайда, балаларды отырысқа кіргізген жоқ. Балалары қазір айыпталушының анасымен бірге тұрып жатыр.

40999515-1472811136

«Менің ұлым мұны істеген жоқ. Ол өзі отбасын, балаларын ойлады. Мен оған егер әйелі кетсе, балалары анасымен болсын дедім. Ол балаға әкесі де, анасы да керек деп ойлады. Көз жұмған адамның артынан жаман айтпайды. Дегенмен біз үйіне барған сайын есік-терезесі жабық тұратын. Балалары оның намаз оқып жатқанын айтатын. Бірақ балаларының үсті-басы кір-қожалақ болып жүретін. Үй ішіде лас болатын», – дейді Клара Үдербаева.

Одан бөлек айыпталушы жақ көз жұмған әйелмен арада болған хаттарды көрсетті. Олардың айтуынша, отбасылық жанжалға бойжеткен себеп болған. Отырыс жабық түрде өтті. Сондықтан 27 жастағы Талғат Үдербаевты қандай бап бойынша айыптайтыны белгісіз. Нұрипа Құрбанованың анасының айтуынша, айыпталушы сот отырысында өз сөзінен бас тартқан.

«Сот отырысында ол бұрынғы айтқандарынан бас тартып, қызымды өлтірмегенін айтты. Айтуынша, оны құқық қорғау органдары өлтірген. Ал оны мойындауға күштеген. Қызымды өлтірген сол», – дейді көз жұмған әйелдің анасы Айжан Құрбанова.

Айта кетейік, Нұрипа Құрбанова 9 тамыз күні жоғалып кетті. Оның жоғалғаны туралы күйеуі хабар берген. Алайда, жақындары оған сенбей әйелін өзі өлтірген болуы мүмкін екенін айтқан. Оған отбасында көп болатын жанжал себеп болған. Туыстарының айтуынша, әйелі онымен ажырасып кеткен екен. Бірақ күйеуі оны күштеп әкеп бірге тұруға мәжбүрлеген. Бір аптадан соң Нұрипаның денесі өзен жағасынан табылды. Мәйітті өлтірген соң өртемек болған.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    Ия ауылдын барi Нурипаны милициямен журген деп аитатын жел болмаса шоптiн басы кимылдамаид кудаи озi кешiрсiн олгенiн артынан тек жаксы соз аиту керек деидiгои Алла озi жазасын бердi деп оилаим ендi уш балага акесi кереккои акка кудаи жак деидiгои акесi аман болсын деп тiлеймiн.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар