ОҚО-да жоғалып кеткен Нұрипа Құрбанованың күйеуі әйелін өлтіргенін мойындады

Сейсенбі, 16 Тамыз , 2016 9:08

27 жастағы ОҚО тұрғыны Нұрипа Құрбанованың жоғалып кетуіне күйеуінің қатысы бар, ол із-түссіз жоғалды деген әйелін өзі өлтіргенін мойындады,- деп хабарлайды tvk-uko.kz.

келеске-ағызды1 келеске-ағызды

Күдікті әйелінің өлі денесін Жібек жолы ауылы маңындағы Келес өзеніне батырып жіберген.

Айта кетейік, алты тәуліктен бері Сарыағаш ауданының 27 жастағы тұрғыны ізделуде. 9 тамыздан бері оны ешкім көрмеген. Ал Нұрипа Құрбанованың туыстары журналистерге оның күйеуінен күдіктенетінін айтқан. Себебі, олар үнемі жанжалдасқан және күйеуі оны өлтірем деп қорқытқан.

Нұрипа Құрбанова -кәмелеттік жасқа толмаған үш баланың анасы және төртінші балаға аяғы ауыр болған. Бірнеше жылдан бері Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы базарда сауда-саттықпен айналысқан. Туыстары оның күйеуімен жиі ұрысатынын және кезекті жанжалдан кейін Нұрипаны таппай қалғандарын айтқан.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Айнара says:

    Сәлем! АНОНИМНО

  • Анонимно says:

    Қалай ғана дəті барды екен а?Алла жазасын берсін.Əйелдің жаны жəннəтта болсын.Біліп,білмей істеген күнəларын Алла кешірсін!!!

  • Марина says:

    Еркектер айелге кол котерсе,онда ол ен алсиз еркек

  • Айнара says:

    Алла жазасын берсін

  • Анонимно says:

    Оңбаған еркектер,ату керек бұны

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар