Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ОҚО-да 27 жастағы сатушы әйел жоғалып кетті

10 тамыз күні Нұрипа Құрбанова есімді азаматша үйінен шығып, қайта оралмаған. 27 жастағы әйел Шымкент қаласына тауар әкелу үшін жол тартқан екен.

pogudx5b62ti11cbo.699c5698

Ол өзінің күйеуімен бірге Сарыағаш ауданындағы базарлардың бірінде жұмыс істейтін болып шықты. Бұл туралы оның күйеуі 11 тамыз күні Сарыағаш АІІБ-на хабарлаған.

Қазіргі таңда Сарыағаштағы полицияның жеке құрамы мен криминалды полиция басқармасы із-түссіз жоғалған азаматшаны іздестіріп жатыр.

Нұрипа Құрбанованы табу үшін барлық Қ(А)ІІБ-на тапсырма берілді. Жедел іздестіру тобы да құрылды.

Күйеуінің сипаттауынша: Нұрипаның бойы шамамен 165-170 см, орташа денелі, қара шашты иығына түскен, көзі қоңыр. Көк түсті шалбар, жасыл түсті футболка, қара түсті аяқ киім киген.

ОҚО полицейлері із-түссіз жоғалған Нұрипа Құрбанова жайында қандай да бір ақпарат білетіндер болса, 102 немесе 8-771-883-30-13 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада 26 жастағы Бақтияр Жаманғараевты үш күннен бері іздеуде

Шымкентте 4 адамды қаққан 20 жастағы Астана тұрғынына іздеу жарияланды

Талқылау