Қазақстандық мүгедек қыз әлемдік сұлулық байқауына қатыспақ (фото)
Семейлік Залина Янхотова Қазақстан атынан халықаралық сұлулық байқауына қатысады. Бойжеткен есту қабілетінде кемістігі бар жандар арасында өтетін Miss and Mister Deaf Stars байқауында бағын сынап көрмек.
Бұл туралы Экспресс-К хабарлады.
Сұлулық байқауы қазан айының соңында Парижде өтеді. Қазірдің өзінде сұлулар бәсекесіне 40 елдің арулары қатысуға өтініш білдіріпті. Олардың арасында жалғыз қазақстандық бойжеткен Залина Янхотова бар.
25 жастағы Залинаның құлағы туғалы дұрыс естімейді. Алайда қиыншылықтарға қарамастан, бойжеткен белсенді өмір салтын ұстанады. Осыдан 9 жыл бұрын Залина өмірін сән әлемімен байланыстыруға бел байлайды. Ол үшін бірде бір рет өкінбегенін айтады.
2013 жылы Залина қалалық сұлулық байқауында үшінші Вице-мисс титулын жеңіп алған.
«Ең бастысы, Залина бұл байқаудан көп эмоция алып, бақытты өмір сүргісі келеді», – дейді модельдік мектептің директоры Айна Тоғысова.
Суреттер Залинаның желідегі парақшасынан алынды
Жіберіп алмаңыз:
Ақбота Керімбекованың күйеуінің бірінші әйелімен не себепті ажырасқаны белгілі болды
Серікбол Сайлаубек барахолкада киім сатып қиналған күндерін еске алды
Айгүл Иманбаева: Әр адам өз биігінде өледі
Қайын атасы ұлын Ақбота Керімбековаға лайық көрмегенін ашып айтты