Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әншілер фонограммасыз ән орындауға қаншалықты дайын?

Сенатор Сәрсенбай Еңсегенов қазақстандық әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салуды ұсынған болатын. Бұл жаңалық әншілерді шулатты. Бірі сенатордың сөзін қоштаса, екіншілері фонограмманың тиімді тұстарын айтып өтті. Осы орайда, қазақстандық жұлдыздар фонограммасыз ән айтуға қаншалықты дайын екендерін жеткізді.

18252088_364070490655571_793706563276636160_n

Бұл туралы Астана арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.

Асхат Тарғын:

Микрофон мен акустика дұрыс болмайды. Сол себепті, фонограммен айтуға тура келетін. Қазір әркімнің өзі біледі. Адамға барып шектеу қоя алмайсың.

Жұбаныш Жексенұлы:

Қазір техниканың жақсы дамыған заманы. Кез келген жерде акустиканы жақсылап ыңғайластыруға болады. Қалғаны – «сыныққа сылтау іздегендердің» әңгімесі. Біреулер «Мен фонограммасыз айтамын» деп жатады. Бұл нәрсеге мақтанудың қажеті жоқ. Сен жанды дауыста айтуға міндеттісің.

Гүлнұр Оразымбетова:

Бұл – бүкіл әлем өнерінің тәжірибесінде бар дүние. Сондықтан әнші болған соң, әнді жанды дауыспен орындау керек. Мұндай талап қойылса, мен қуанатын едім. Мұндай талап қойылса, әншілер іріктеледі.

Мөлдір Әуелбекова:

Жалпақ тілмен айтқанда, біздің өнеріміз, киелі сахнамыз тазаланатын еді.


Жіберіп алмаңыз:

Шашын түрлі-түстіге бояған Зирузаның алғашқы бейнебаяны желіні шулатты (видео)

Әли Оқапов жаңа пәтер алып, қоныс тойын тойлады

Ринат Зайытов ұл-қызына дүркіретіп той жасады (фото)

Мүгедектер арбасындағы қыздың биі желідегілерді таңғалдырды (видео)

Талқылау