Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарды алдаған ломбардтың құрылтайшысы ұсталды

Атырау облысының полицейлері салымшыларды алдаған «НұрАлиКапитал» ЖШС құрылтайшысын Алматы қаласынан ұстады.  Ол осы жылдың ақпан айынан бастап іздеуде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кісен

Атырау облысының ПД бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаевтың айтуынша, бұрын Атырау тергеу соты ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы сырттай қабылданған.

Аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісін Атырау облысының полиция басқармасы тергеп жатыр. Тергеу ІІМ бақылауында.

Еске сала кетейік, полиция осы жылдың ақпан айында зардап шеккендердің көптеген өтініштерінен кейін ломбардтың қызметін тексеруді бастады. Ресми емес мәліметтерге сәйкес, Атыраудағы «Нұр-Али Капитал» ЖШС-нің әрекеттерінен зардап шеккендер саны 300-ден, ал келтірілген залал жарты миллиард теңгеден асады.

Зардап шегушілердің айтуынша, жұмыс мынадай схема бойынша жүргізілді: ломбард үш айға дейін бөліп төлеу арқылы автокөлікті немесе жылжымайтын мүлікті нарықтық бағадан 20 пайызға қымбат сатып алды (әсіресе, бұл олардан қалай құтылатынын білмеген армян және Ресей нөмірлері бар автомашиналардың иелеріне тиімді болып көрінді). Одан әрі нотариуспен шарт жасалды, онда ломбард бірнеше ай ішінде ақша төлеуге кепілдік беретіні көрсетілген. Сонымен қатар, айына 30-40 пайыз мөлшерінде ақша салуға болады. Алайда алданған клиенттердің ешқайсысы өздерінің ақшаларын қайтып көрмеген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр