Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар арзан ипотеканы уәде еткен қор үстінен полицияға шағым түсірді

Қазақстандықтар тұрғын үйге инвестиция салу үшін ақша алған корпоративтік қорға шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"7 қыркүйекте Есіл ауданының полиция басқармасына "Otbasy men jastardy Koldau kory" корпоративтік қоры тарапынан алаяқтық фактісі бойынша елорда тұрғындары ұжымдық өтінішпен жүгінді. Қор тұрғын үй сатып алу үшін тиімді инвестициялау мақсатында халықтан ақша алып және кейіннен айтқандарынан орындамаған", - делінген полиция хабарламасында.


Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі "екі және одан да көп адамға қатысты ірі мөлшерде жасалған алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тексеру жүргізіледі.

STAN.KZ
Бейсенбі, 17 Қыркүйек, 2020 20:59
Талқылау