AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар журналистің бастамасымен мүмкіндігі шектеулі жанға көлік сыйлады

Нұр-Сұлтан қаласында такси жүргізушісі болып жұмыс істейтін мүмкіндігі шектеулі Ақарыс Сәтенбаевқа танымал журналист Мақсат Толықбайдың бастамасымен халық көлік алып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ақарыс Сәтенбаев Шымкентте зауытта жұмыс істеп жүргенде оң қолынан айырылған. Ол бірнеше жылдан бері Нұр-Сұлтан қаласында такси жүргізеді екен. 

Журналист такси жүргізушісінің оқиғасы туралы жазған. Халық болып, бірнеше күннің ішінде 5 миллион теңге жинаған. Бизнесмендер де қол ұшын беріп, 5 миллион қосқан. 

“Осыдан бірнеше күн бұрын яндекс таксиге отырдым. Қарасам, жүргізушінің оң қолы жоқ. Расында механика ыңғайсыз, коробка автомат алу керек қой дедім. "Оған жағдай қайда, арманым да сол" дейді. Қолым жоқ демей, күндіз-түні жолаушы тасып, бала-шағасын асырап, адал нәпақа тауып жүрген азамат. Ақарысқа коробка автомат көлік сыйлап қуантсақ қайтеді" деп ұсыныс тастаған едім, инстаграмдағы "Мақсаттың армиясы" қолдай кетті. Сол үшін қара ормандай қалың қолдаушы оқырманға мың алғыс”, — деп жазды Мақсат Толықбай. 

Осылайша, Ақарыс Сәтенбаевқа халық 10 млн теңге тұратын көлік сыйлады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр