Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстандықтар зейнетақы жинағын емделуге ала алмай жүр": Депутат шенеуніктерді жазалауды талап етті

Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов заңға тәуелді актілерді қабылдаудың нақты мерзімдерін заң жүзінде белгілеу керек деп есептейді. Әлі күнге дейін азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделуге алу ережесі қолданысқа енгізілмеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жамалов бір ай бұрын азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнетақы қаражатының бір бөлігін алу ережелерін бекітуге қатысты өтініш жасағанын еске салды.

"Бұл ережелерді үкімет қабылдады және қазақстандықтар өз жинақтарын ипотеканы өтеуге немесе тұрғын үй сатып алуға пайдалана бастады. Бірақ, ел президентінің тапсырмасы мен заң нормаларының жартысы ғана орындалғаны белгілі болды, - деді ол мәжілістің жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасына депутаттық сауал жолдап.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі әлі күнге дейін азаматтардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін емделуге алу ережесін қолданысқа енгізген жоқ.

"Қазіргі уақытта, маған бұл бұйрықтың әділет министрлігінде қаралып жатқаны. Барлық рәсімдерге сәйкес, министрлік өкілдері үйіп-төгіп берген уәделерге қарамастан, бұл ережелер, ең жақсы жағдайда, наурыз айында күшіне енеді.  Жалпы, мен шенеуніктердің берген уәдесін орындамаудың ең сенімді белгісі – олар беретін жеңілдік екенін бұрыннан байқадым... Ал негізі азаматтар өз жинақтарын радиохирургиялық емдеуді, протондық терапияны, экстракорпоралдық ұрықтандыруды (ЭКО), стоматологиялық қызметтерді, медициналық оңалтуды талап ететін маңызды ауруларды емдеуге пайдалана алады деп болжанған еді, - деді мәжілісмен.

Жамалов министрлік бұл азаматтар үшін өмірлік маңызы бар мәселе екенін шынымен түсінбей ме деген сұрақ қойды.

"Олар басты байлығымыз - адамдардың денсаулығына қатысты. Енді парламент заң жобасын әзірлеу және бекітуді әр министрліктің есіне салуы керек пе? Негізі бұл олардың тікелей қызметі", - деп ашуланды депутат.

Сондай-ақ, тұрғын үйден және емделуден басқа зейнетақы жинақтары басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін. Жеке басқарушы компаниялардың тізімін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әзірлейді. Бірақ бұл тізілімнің қайда екенін және оны қалай іздеу керек екенін ешкім білмейді.

Бұл жағдайдың барлығы президент тапсырмасын орындаудан жалтаруға ұқсайды.

Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен қысқа мерзімде азаматтардың зейнетақы жинақтарын пайдалануы бойынша заң нормаларын іске асыру бойынша барлық қажетті актілерді қабылдауды сұраймын. Сонымен қатар қызметтік тергеу жүргізіп, оларды әзірлеуге және мақұлдауға жауапты мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту қажет", - деді парламент мүшесі.

Аманжан Жамалов бұдан әрі заңға тәуелді актілерді әзірлеуді көздейтін заңдарда оларды қабылдаудың нақты мерзімдерін белгілеуді ұсынды.

"Өкінішке қарай, кейбір шенеуніктеріміз өздерінің кәсіби қызметінде ел парламенті қабылдаған заңдарды емес, Сирил Паркинсонның бесінші заңы деп аталатын заңдарды басшылыққа алуды жөн көреді, онда: "Егер маңызды шешім қабылдауды кейінге қалдырудың жолы болса, нағыз шенеунік оны әрдайым пайдаланады", - деп түйіндеді депутат.

Талқылау