Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жаппай зейнетақы қорындағы ақшасы азайғанын айтып, ашуланып жатыр: БЖЗҚ бұның себебін түсіндірді

Желіде 2025 жылдың 1 қаңтарынан 2 ақпанына дейінгі кезеңде қазақстандық әйел жеке зейнетақы шотынан 68 500 теңге көлемінде қаражат алынғанын айтты. Себеп ретінде "теріс инвестициялық кіріс" көрсетілген. Дегенмен әйел мұның қаншалықты заңды екенін түсінбей отыр. Мұны анықтау үшін Stan.kz тілшісі бірыңғай жинақтаушы қорына хабарласып сұрап көрді.

Фото: Stan.kz

1 қаңтардан 2 ақпанға дейінгі кезеңде қазақстандық әйелдің жеке зейнетақы шотынан 68 500 теңге көлемінде қаражат алынған. Әйелдің пікірінше, адал еңбегімен жинақталған халықтың зейнетақы жинақтарына қол сұғылмауы керек. 

Ал тағы бір алматылық ару Айлин өзінің шотынан 17 703,36 теңге азайғанын байқаған. Бұдан бөлек жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасы 23 қаңтарда 61 534,41 теңге болса, бұл сома 24 ақпанда 63 068, 82 теңге болып өзгерген.

 

Фото: Айлиннің жеке архивінен

Осы ретте зейнетақы қорының өкілі бұл ақшаны ешкім шешіп ала алмайтынын және салымшылардың жарналары салған күйде тұрғанын түсіндірді. Қор өкілі бүкіл қазақстандықтан осылай инвестициялық табыс минусқа кеткенін атап өтті. 

"Инвестициялық кірістің төмендеп, тіпті минусқа кетуінде заңсыздық жоқ. Оны басқарушы компания Бірыңғай жинақтаушы қоры шешіп алды деген сөз емес. Ақырында нарықтағы жағдай мен валюта бағамының құбылуына орай, инвестициялық табыс "теріс" болды. Ал салымшылардың жинағы олардың меншігі екені айдан анық. Тек Ұлттық банк пен инвестициялық басқарушы компаниялардың қаржыны көбейту амалдары сәтсіз боп қалды", – деп түсіндірді зейнетақы қорының маманы.

Айта кетейік, қазір Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бөлек, "BCC Invest", "Halyk Global Markets", "Jusan Invest", "Сентрас Секьюритиз", "Halyk Finance" компаниялары табысты реттеп отырады. 

"Бұл компаниялар салған жарналарыңызды көбейтіп, болашақта көбірек зейнетақы түсіру үшін түрлі құралдарға инвестициялайды. Ақшаларыңызды жемейді, керісінше, кірісті көбейту мақсатында түрлі құралды қолданады. Сол уақытта ақшаларыңыз жоғалмайды, тек инвестиция көлемі ұлғая түседі. Әр қазақстандық БЖЗҚ қосымшасын жүктеп алып, сол жерден қанша инвестициялық табыс тұрғанын және қанша теңге қалғанын көруге болады. Сонымен бірге минусқа кеткен сома әр кезең сайын пайыздық есепте көбейе береді. Бірақ бұл қашаннан бастап қолға алынатыны белгісіз", – делінген қор маманының жауабында.

Маман қазір Қазақстанда зейнетақы қорындағы табыстың 40%-ға жуығы инвестициялық кірістен түсетінін атап өтті. Оның сөзінше, қазір осы ақша көлемі азайғайдықтан көбі шотындағы қаржы азайып жатыр деп түсініп жатыр. Негізі бұл қате түсінік дейді маман.

Бұдан бөлек сарапшыдан инвестициялық табыс көзі тағы азайса, басқарушы компаниялар осындай қадамға бара ма деп сұрадық. 

"Біз долларға тәуелдіміз. Себебі кірістің бәрі шетелдік валютадан келеді. Теңгемен ғана шектеліп қалуға болмайды. Сонымен қатар компаниялар инвестициялық табысты әр ай сайын реттеп қарап отырады. Әр компания жеке стратегиясына байланысты қадағалайды. БАҚ-та ақпаратты дұрыс жеткізбегендіктен, халық арасында екіұдай пікірлер жүр. Қазір басқарушы компаниялар инвестицияны басқаруда доллардың құбылмалы бағасын өткізіп алды. Кейде бұл минус, кейде плюс көрсетеді. Бұны қоғам дұрыс қабылдау керек", – деді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының өкілі. 
Талқылау