Бокстан Өзбекстан құрамасы Астанада өтетін Әлем кубогына қатысудан бас тартты
Фото: Olamsport
Өзбекстанның бокс құрамасы Астанада өтетін World Boxing Әлем кубогының кезеңінде тек әйелдер командасымен өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов өзбек командасы жарысқа қатысудан бас тартқанын айтқан еді. "Бастапқыда олар турнирге қатысатынын мәлімдеген, бірақ бір-екі аптадан кейін жоспарларынан айнып қалды. Бұл шешім тактикалық ойлармен байланысты болуы мүмкін", – деді Сәтжанов.
Өзбекстандық БАҚ өкілдері бокстан өз елінің ерлер құрамасы Астанада өтетін жарысқа келмейтінін хабарлады. Көрші елдің ұлттық құрамасы тек әйелдер командасынан спортшылар алып келеді. Әзірге Өзбекстан құрамасының федерациясы ресми шешімді хабарлаған жоқ.
Айта кетейік, World Boxing Әлем кубогының кезеңі Қазақстан астанасында 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

