Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар ұшақ бортына ПТР анықтамасыз жіберіледі - Жаңа қаулы

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер шетелден келген Қазақстан азаматтары үшін ПТР тесті туралы анықтаманың болуы туралы жаңа қаулы шығарды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі. 

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі санитария-эпидемиология бақылау комитетінің сайтында орналастырылған құжатта қазақстандықтарды ПТР туралы анықтамасыз ұшақтардың бортына жібермейтіні көрсетілмеген - мұндай тыйым бұрынғысынша тек шетелдіктерге ғана қолданылады.

"Қазақстан Республикасына шетелден авиарейстермен келетін адамдарға қатысты іс-шараларды мынадай тәртіппен жүргізуді қамтамасыз етсін:
оларды ертіп жүретін адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтама (бұдан әрі - Анықтама) болған кезде 5 жасқа дейінгі балаларды, Қазақстан Республикасының үкіметтік делегацияларын; Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің шақыруы бойынша Қазақстан Республикасына келетін шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың ресми делегацияларының мүшелерін; Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін; авиакомпаниялар экипаждарын қоспағанда қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен барлық келетіндер кем дегенде 3 тәулік бұрын алынған анықтаманы ұсыну қажет", - делінген құжатта.

"Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейстерімен келген адамдарға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі; 
халықаралық транзитпен жүретін жолаушылар транзиттік аймақтан шықпайды және соңғы межелі пунктте шектеу шараларын жүргізуге жатады; 
Қазақстан Республикасына шетелден келетін Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық мекемелердің және халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері болатын/тұратын жері бойынша COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауға жатады. Оларға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі", - делінген қаулыда.

Талқылау