AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
AAPL
140.82 $
-5.64 %
TSLA
709.81 $
-6.8 %
NDAQ
142.09 $
-4.5 %
GOOGL
2237.99 $
-3.93 %
FRHC
41.11 $
-5.52 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар VIP-нөмірлерге 6 млрд теңгеге жуық ақша жұмсаған

Өткен жылы қазақстандықтар жалпы сомасы 5,8 млрд теңгеге VIP нөмірлер сатып алған. Автокөлік иелері 2020 жылмен салыстырғанда әдемі нөмірлерді көбірек рәсімдей бастаған, ол кезде 3,9 млрд теңгеге 12 616 нөмір алынған болатын, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.

VIP нөмірлерге ең көп қаражат жұмсаған алматылықтар болып отыр. Олар 2,2 млрд теңгеге 6882 нөмір алған. Екінші орында Шымкент, автокөлік иелері – 818 млн теңгеге 3190 нөмір, ал Нұр-Сұлтан жүргізушілері – 667 млн теңгеге 2231 нөмір сатып алған.

VIP нөмірлерге сұраныс Солтүстік Қазақстан облысында аз. Өткен жылы онда 45 млн теңгеге барлығы 169 ерекше нөмір тізбегі сатып алынған.



Сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты VIP-нөмірлердің бағасы 174 591 теңгеден басталады, ең қымбаты үшін 872 955 теңге сұралады.

Нөмір иесі ерекше нөмірлер тізбегін үшінші тарапқа сыйға бере де, сата да алмайды. Егер көлік сатылса, нөмір иесі оны жаңа көлік сатып алғанға дейін мамандандырылған ХҚО-да 6 ай сақтай алады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр