Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар тіркелу үшін емхананы өздері таңдай алады

2020 жылдың 15 қыркүйегі мен 15 қарашасы аралығында елімізде халықты емханаларға тіркеу бойынша жыл сайынғы науқан өтеді. Бұл уақытта азаматтар емхананы өздері таңдай алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

аурухана"Емхананы тұрғылықты жеріңіз бойынша таңдаған жөн, өйткені бұл медициналық ұйымдарға денсаулығыңызды үнемі бақылауға және қажет болған жағдайда үйіңізге баруға мүмкіндік береді. Бұл кезеңде тіркелу өте маңызды, өйткені 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап емханаларға бекітілмеген тұрғындар үшін, жоспарлы көмек қолжетімді болмайды", - деді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында.

Азаматтарды емханаға тіркеу кезінде бұрын бекітілген МСАК ұйымынан есептен шығару "Бекітілген халық тіркелімі" порталының дерекқоры арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады.

"Тіркеу науқаны ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсетуге үміткер денсаулық сақтау ұйымдары арасында ғана жүргізілетінін естеріңізге саламыз", - деді қорда.

Талқылау