Қазақстандықтар Мальдив аралдарына визасыз ұшып бара алатын болды
Қазақстан мен Мальдив Республикасының үкіметтері өзара визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды, деп мәлімдеді Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Келісім екі ел азаматтарына Қазақстан мен Мальдив аралдарына 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге кіруге және ел аумағында болуға мүмкіндік береді.
Алайда жұмысқа, оқуға немесе іскерлік мақсаттарға барғысы келетін адамдар тиісті виза алуы керек.
- Түркиядағы демалыс биылғы жаздан бастап екі есе қымбаттауы мүмкін
- Орта Азиядағы ең терең шатқал Қазақстанда: Шымкент қаласындағы әрбір адам көруге тиіс 5 орын
Айта кетейік, 2021 жылдың қазан айында Қазақстан мен Мальдив аралдары екі елдің шекарасын кесіп өту кезінде өз азаматтарын COVID-19 сынамасының теріс нәтижесі бар ПТР сертификаттарын ұсыну міндеттемесінен босататын екпе паспорттарын өзара мойындағаны бұрыннан белгілі.
Талқылау
Пікір