Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар қандай жағдайда ауруханаға тіркеле алмайды

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" ҰАҚ медициналық көмектің сапасын бақылау департаментінің директоры Лаззат Шоманова ауруханалар қандай жағдайда емделушілерді тіркеуден бас тартатыны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Халықты ауруханаға тіркеу енді басталды. Бұл процес 15 қарашаға дейін жалғасады. Егер сіз емханаға тіркелген болсаңыз, онда жылдың аяғында сіз тіркелген жеріңіз бойынша қызмет аласыз. Жаңа жылдан бастап сіз бекітілген клиника сізге қызмет көрсетеді. Сіз ертерек тіркелсеңіз, емхана соған сәйкес келесі жылы жасалатын жұмысты жоспарлап қояды" - деп түсіндірді Лаззат Шоманова.



Оның сөзінше, адам көп тіркелген ауруханалардың сырттан келгендерді бекітпеуге құқығы бар. Сол себепті тек тұрғылықты жеріңізге жақын ауруханаға барғаныңыз абзал.

"Емханада тіркелген тұрғындардың көп болуына байланысты кейбіреуі тіркеуден бас тартуы мүмкін. Олардың ресурстары жаңа пациенттерді тағайындауға мүмкіндік бермейді. Алматыдағы емханалардың көпшілігі өз еркі бойынша науқастарды тіркемейді. Олардың тұратын жеріне назар аудара отырып жұмыс жасайды", - дейді ол.

Еске салсақ, қазақстандықтар әлеуметтік сақтандыру арқылы медициналық көмек алудан бас тарта алмайды. 

Талқылау