Қазақстандықтар БЖЗҚ сайтына кіре алмай жатыр
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының сайты іркіліспен жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
БЖЗҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайт техникалық себептерге байланысты жұмыс істемей тұр.
БЖЗҚ сайтының басты бетін ашқан кезде қолданушылардың экранында "Қате" деген жазу шығып жатыр.
Дегенмен кейбір қолданушылар порталға кіруге мүмкіндік алады. Сайтта жүктемелік тестілеу өткізіліп жатқаны туралы хабарланады.
"2021 жылғы 2 қаңтардан 4 қаңтарға дейін қордың корпоративтік сайтында, мобильді қосымшада және жеке кабинетте техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты кейбір сервистер уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін", - делінген enpf.kz сайтындағы хабарламада.
Бұған дейін қазақстандықтар алуға болатын зейнетақы сомасын БЖЗҚ сайтынан көре алатыны хабарланды.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді