Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар алуға болатын зейнетақы сомасын БЖЗҚ сайтынан көре алады

Қазақстандықтар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) сайты арқылы зейнетақы жинағынан алуға болатын қаржысын көре алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ЕНПФ

Зейнетақы қорының сайтындағы салымшылардың жеке кабинетінде жинақты тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) емделуге пайдалануға болатын сома көрсетілген жаңа "терезе" пайда болды.

Мұнымен қоса, жеке кабинетте өзіңіздің "жеткіліктілік шегіңізді" (шотта қанша қаражат қалуы тиіс, әрбір жас санаты үшін ол әр түрлі) және ЖТС төлемін ескере отырып алуға болатын қаражат сомасын (егер сіз оны бірден төлеу қажет деп есептесеңіз) білуге болады.

Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға мүмкіндік беретін заңға қол қойғаны айтылған еді. 

Талқылау