AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Алматы қаласының атауын өзгертуге петиция жариялады

Қазақстандықтар Алматы қаласының атауын Алма-Ата деп өзгертуге петиция жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

“Біз екі миллион тұрғыны бар шаһар құлаққа жағымды әрі баршаға ұғынықты атауды иеленгенін қалаймыз. Бұл тұрғыда Алма-Ата атауы ең дұрыс нұсқа деп есептейміз. Сондай-ақ "ты" жалғауы қазақ тіліне жат. Бұл бізге жоңғардан енгенін ғалымдар да мойындауда. Ал "Алма-Ата" сөзі орысшаға аударғанға да ыңғайлы. Сондықтан қаланың жаңа әкімін шаһардың атауын өзгертуге шақырамыз” – делінген петицияда.

Алматылықтардың пікірінше, қалаға бұрынғы атауын қайтару туралы ұсыныспен журналист Сейітқазы Матаев шыққан. Сонымен қатар, жазушы Олжас Сүлейменов 2021 жылдың тамыз айында жаңа атаулар жазумен ғалымдар емес, әкімдіктердің қарапайым қызметкерлері айналысқанын атап өтті. Осылайша карталарда Алматы атауы пайда болған. 

“Алма-Ата – қазақ тілінде "алма атасы" дегенді білдіретін әдемі атау. Біз Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаевтан сүйікті қаламыздың атауын Алма-Ата деп өзгертуді талап етеміз! Барлық жанашыр қазақстандықтарды Алма-Ата атауын қайтаруға дауыс беруге шақырамыз", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда петицияға қол қоюшылар саны 7944 адамға жеткен. 

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыны Алма-Ата деп қайта атауға өз ойын айтқан болатын.

"Алматы атауына келсек, не үшін құжаттарды қайта өзгертуіміз керек? Алматы атауы қазақ тілді азаматтар үшін, ал Алма-Ата атауы орыс тілді азаматтар үшін ыңғайлы. Осы орайда былай деп келісейік, Алматы қаласының атауын сол күйінде қалдырайық. Ал қалай атайтыны әр адамның еркінде болсын. Мысалы, Қытай елінің астанасы Бейжің, ал біз оны Пекин деп атаймыз", – деді Тоқаев.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр