Қазақстанда жоғары білімнің жаңа даму кезеңі басталады
Бүгінде Қазақстандағы жоғары білім беру моделі елеулі өзгерістерге ұшырап, көз алдымызда трансформацияланып жатыр. Жағдай былай қалыптаспас еді, егер біздің республика өз уақытында шәкірттерді даярлаудың батыс моделінің "дәмін татып" көрмегенде. Енді осы озық бағдарламалар Қазақстанға айтарлықтай жылдамдықпен келіп жатыр. Ескірген концепциялардан бас тартуға және болып жатқан өзгерістерге бейімделуге мәжбүрлеп отыр.
Бірінші қадам
1993 жылы Нұрсұлтан Назарбаев "Болашақ" жобасын ұсынғанда, яғни Қазақстанның үздік студенттеріне батыстың жоғары оқу орындарын көрсету, мүлдем басқа өмірмен таныстыру арқылы дамыған елдердің озық идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік беру — өте прогрессивті идея болды.
Он жылдан аз уақыт өткен соң, бағдарламаның тиімді екені айқын болды. Бірақ оған көрші Ресей мен Қытай сияқты ондаған мың шәкіртті қоса алмайсың. Ал жобаның жүздеген түлектерінің салмағы шамалы. 2011 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша бакалаврларды даярлау тоқтатылды. Бағдарламаны қаржыландыру, сондай-ақ стипендиялар саны едәуір қысқарды.
Сол кезде ел басқарушылары батыс әдістемелерімен Қазақстанның балаларын ел ішінде де оқытуға болатынын түсінді. Бұл елімізге қажетті дағдылары бар түлектердің санын едәуір көбейтеді. Бұл түсінік тәжірибелік жолмен келді — 2009 жылы елімізде Назарбаев зияткерлік мектептері ашылып, 2010 жылы Назарбаев университеті құрылды. Бұл оқу орындарындағы оқу бағдарламалары ең үздік батыс үлгілеріне негізделіп, қазақстандық стандарттармен толықтырылды.
Осылайша, Қазақстанға шетелдік педагогтарды шақырудың жолы ашылды. Бұл бағытты тек НУ мен Назарбаев зияткерлік мектептері ғана емес, басқа да оқу орындары таңдады.
Енді статистикаға назар аударайық. Menmedia деректеріне сәйкес, Назарбаев университетінің алғашқы түлектері 2015 жылы оқуын аяқтады. Содан бері университет 8737 түлек шығарды. Олардың 5469-ы бакалавриатты, 3268-і магистратура мен докторантураны аяқтады. 1867 адам оқуын жалғастыруды шешті — олардың 40%-ы АҚШ, Италия, Германия, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея және басқа да жетекші шетелдік жоғары оқу орындарына қабылданды.
5832 НУ түлектері (66%) сәтті түрде өз мансабын құрып жатыр. Ал олардың 91,5%-ы елдің игілігі үшін еңбек етуде.
Биыл "Болашақ" бағдарламасы бойынша стипендиялар саны 555-те тұрақтанды. Бұл көрсеткіш өзгерген жоқ.
2022 жылы "Болашақ" бағдарламасы туралы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің ірі бизнесмендерімен кездесу барысында сөз қозғады.
"Болашақ" бағдарламасын біз қайта бағдарлаймыз. Жастарымызды бірінші кезекте Ресейге бағыттайтын боламыз", — деді сол кезде мемлекет жетекшісі.
Шетелдіктерге басымдық беру
Биыл 2 қыркүйек күні Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында қазіргі кезеңде білім беру саласында шетелдік жоғары оқу орындарын Қазақстанға тартуға басымдық берілетінін айтып, біздің елде ашылатын филиалдардың нақты санын атады.
"Үкімет жоғары білім саласын халықаралық білім беру кеңістігімен ықпалдастырып жатыр. Қазірдің өзінде елімізде шетелдің белгілі 23 жоғары оқу орны жұмыс жүргізе бастады. Оларға мейлінше қолдау көрсету керек. Атап айтқанда, маман даярлауға берілетін мемлекеттік тапсырысты біртіндеп көбейткен жөн", — деді президент, мемлекеттік қаражаттың бюджеттен қосымша бөлінбейтінін меңзей отырып.
Әрине, оларды басқа бағдарламалардан, мүмкін, "Болашақ" бағдарламасынан, сондай-ақ тиімді емес отандық жоғары оқу орындарының гранттарынан алады.
Айта кетейік, мемлекет тарапынан НУ мен Назарбаев зияткерлік мектептеріне бөлінетін қаржы да қысқарды. Бәлкім бұл соңғы қысқарту емес. Бірақ бұл тіпті ең үздік отандық білім беру мекемелері шетелдік жоғары оқу орындарының қысымына төтеп бере алмайды дегенді білдірмейді. НУ мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің өздерінің қауіпсіздік көпшігі бар. Бұл — НУ мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің Білім беру қоры. Басқаша айтқанда — эндаумент. Бұл Қазақстандағы білім беру тәжірибесіндегі жаңа сөз, және егер бұл құрал заңнамалық нормалармен уақтылы қамтамасыз етілсе, отандық университеттерге бәсекеге лайықты түрде төтеп беруге көмектеседі.
21 ғасырдың тенденциялары
Эндаументтер — бұл мақсатты қорлар, олардың негізгі капиталы ерікті қайырымдылықтардан қалыптасады. Мысалы, Гарвардтың эндаумент тарихы дәл осындай қайырымдылықтан басталған — филантроп Джон Гарвард жасаған. Оның атымен университет аталған. Алайда, кейінірек оның эндаумент-қорына мансаптық биіктерге жеткен, ризашылық білдірген түлектер қайырымдылық жасаған.
Қазақстанда эндаументтердің дамуы енді өніп келе жатқан дән тәріздес. Мұндай қорлар бар, арасында жетістікке қол жеткізгендері де кездеседі. Мәселен, НУ мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің және республикалық физика-математика мектебінің эндаументтері. Бұл эндаументтер осы оқу орындарының тәрбиеленушілеріне жоғары сапалы білім алуға мүмкіндік береді. НУ-да ондай мүмкіндікті дамыған елдерден тартылған ұстаздар береді. Олардың арасында Қазақстаннан шыққан, сол жақта жетістікке жеткен түлектер де бар.
Алайда, елімізде осы қызмет үшін заңнамалық база әлі жоқ. Мақсатты капитал қорлары — эндаументтер туралы заң жобасы парламентте қаралып жатыр.
Сарапшылардың пікірінше, аталмыш заңның қабылдануы Қазақстанның жоғары білімін, сонымен қатар, қолданбалы және фундаменталдық ғылымдарды жаңа деңгейге көтеретін алғашқы серпін болады. НУ-дың ғылыми қызметіндегі жетістіктері мен алғашқы түлектерінің карьералары осыған дәлел.
"Болашақ" бізге қазіргі замандағы прогрессивті білім әлеміне есік ашты. Енді оның өскіндерін біздің топырағымызда өсірудің уақыты келді.
*Жарнама құқығында