Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жеке тұлғалардың төленбеген салығы бойынша өсімақысы кешіріледі

Қазақстанда жеке тұлғалардың төленбеген салықтары бойынша өсімақысы есептен шығарылады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Бұған дейін Қазақстан Республикасының тиісті заңына 2020 жылдың 2 шілдесінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Құжат жеке тұлғаларға салынатын өсімақыны есептен шығаруға салықтық рақымшылық жасау ережесін қарастырады. Атап айтқанда, азаматтар салық төлеушінің жеке шотына енгізілген және оны төлеу күніне дейін есептелген жеке тұлғалардың мүліктеріне, жеріне және көлік құралдарына салынатын салықтар бойынша есептен шығарылады», - делінген хабарламада.

Есептен шығарудың негізгі шарты салық қарызының негізгі сомасын төлеу екендігі атап өтілді. Айыппұлдар мерзімі өткен берешек төленген салық түрі бойынша есептен шығарылады.

Салықтық амнистия 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін созылады.

«Осыған байланысты, мемлекеттік кірістер органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінде өсімақыларды есептен шығару жөніндегі комиссиялар құрылатын болады. Өсімақыны есептен шығару үшін еш жерге барудың қажеті жоқ. Қарыздың негізгі сомасын төлеу жеткілікті. Өсімақы автоматты түрде есептен шығарылады», - деп атап өтті ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 27 Шілде, 2020 18:39
Талқылау