AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
AAPL
171.52 $
-1.51 %
TSLA
890 $
-2.05 %
NDAQ
187.11 $
-2.61 %
GOOGL
117.21 $
-2.46 %
FRHC
56.65 $
-3.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жасөспірім Францияда өткен турнирдің финалисі атанды

Франция астанасы Париж қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында Tennis Europe сериясы бойынша бірінші санаттағы турнир мәресіне жетті. Қазақстандық Заңғар Нұрланұлы турнирдің финалына дейін жетті, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Айтулы додаға әлемнің 30 елінен 160-тан астам жас ойыншы қатысты Қазақстаннан жарыстың бірінші ракеткасы Заңғар Нұрланұлымен бірге Даниэль Тазабеков, Дамир Жалғасбай, Сәтима Төреген және Ариана Гогулина бақ сынады.

Заңғар Нұрланұлы финалда тартысты матчта германиялық Нильс Макдональдқа есе жіберді – 6:7 (4:7), 4:6. Заңғар финалға барар жолда алдымен франциялықтар Ариан Калитера мен Кипрен Шивалирді тізе бүктірді. Сосын италиялық Рафаэль Чиуэрнеллиді жолдан тайдырды.



Ширек финалда мысырлық Эяд Мохаммед Шерифтан айласын асырды – 7:6 (7:3), 6:2. Жартылай финалда жарыстың 4-ракеткасы, франциялық Тимео Труфеллиді ойсырата жеңді – 6:1, 6:2.

Бұл турнирдің ерекшелігі, мұндағы бәсекелер атақты Roland Garros корттарында өтеді. Кезінде мұнда әр жылдары жасөспірім шағында Рафаэль Надаль, Гаэль Монфис, Стефанос Циципас, Карлос Алькарас және басқалар жеңімпаз атанған болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр