Қазақстандық жас каратэші әлем чемпионы атанды
Қазақстандық жас каратэші Ернұр Дауылбай Жапониядағы әлем чемпионатында топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жапония астанасы Токио қаласында каратэден өткен әлем чемпионатында қазақстандық спортшы Ернұр Дауылбай алтын медаль жеңіп алды. Киокушинкай каратэден бақ сынаған қазақстандық спортшы турнир барысында қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, чемпион атағын иеленді. Осылайша 17 жастағы Елнұр Дауылбай мансабьындағы ең үлкен жетістігіне қол жеткізді.
Айта кетейік, Ернұр бұған дейін 65 кг салмақ дәрежесінде Азия чемпионы, Қазақстан чемпионатының жеңімпазы және Еуропа чемпионы атанған.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты
Абыл Кекілбаев төтенше қонулар авиакомпанияларға тек ерекше жағдайда ғана жасалатынын айтты
Алматылықтар арасында маска мен мұрын фильтрі танымал бола бастады: Лас ауадан қорғайтын құралдар шынымен тиімді ме
Масканың көмегі болуы үшін оның FFP2 немесе N95 түрін таңдау керек

