Қазақстандық төрт банк жарнамасында заңбұзушылық анықталды
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі биыл қыркүйекте жарнама материалдарына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша төрт коммерциялық банкке қатысты шаралар қабылдады. Қаржы реттеушісі төрт банктің жарнама хабарларында бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Коммерциялық банктер ішінде «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Центр Кредит Банкі» АҚ – банктік қызметтер туралы жарнамада банк лицензиясының нөмірін және лицензияны берген органның атауын көрсетпеген. Екінші деңгейлік банктерге қатысты қадағалап ден қою сипатындағы ұсынымдық шаралар қолданылды.
«Альфа-Банк» АҚ ЕБ – сыйақы мөлшерлемесін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеуде көрсету бойынша міндеттемені орындамаған, сол үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Сбербанк» АҚ ЕБ – жариялау күні шындыққа сәйкес келмейтін жарнама материалын орналастырды. Банк әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Агенттік қаржы институттары ұсынған құжаттар мен ақпарат негізінде мониторинг жүргізді. Сонымен бірге жеке, заңды тұлғалардан және мемлекеттік органдардан келіп түскен өтініштер есепке алынды. Бұдан басқа, сайттар, әлеуметтік желілер және банктердің мобильдік қосымшалары тексерілді, теле-радиоарналардағы, қоғамдық көліктегі, мерзімді баспасөз басылымдарындағы жарнама, сондай-ақ сыртқы жазбалар қадағалап тексерілді.
Айта кетейік, осыған дейін танымал қазақстандық қаржы ұйымы Сбербанк жаңа өнімдеріне клиент тарту үшін шындыққа жанаспайтын жарнама жариялағаны әшкере болды.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
