Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте нешінші орында тұр
Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингте нешінші орында тұғаны белгілі болды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі Майами мастерс турнирінің финалына дейін жеткен Елена Рыбакинаның 7-орнында қалғанын мәлімдеді.
Ал Юлия Путинцева 47-орында, Жібек Құламбаева 441-інші, Гөзал Айнитдинова 450-сатыда келеді. Жұптық сында Анна Данилина 27-орнын сақтады.
Ерлер арасында Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 48-ден 56-ға сырғыса, Тимофей Скатов 155-тен 144-ке көтерілді. Денис Евсеев те жағдайын жақсартты, ол 302-орынға жайғасты. Бейбіт Жұқаев 343-тен бірден 315-ке жоғарылады.
Жұптық сында Андрей Голубев 68-інші, Александр Недовесов 70-сатыда тұр.
Талқылау

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
Басқа қыздар да басынан өткен ұқсас оқиғаларды баяндады