Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық сейсмологтар Қытайда жер сілкінісін тіркеді

Қазақстандық сейсмологтар Қытайда жер сілкінісін тіркеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Төтенше жағдайлар министрлігі  Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы ("СТӘЕ") ЖШС сейсмикалық стансалар желісімен 4 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 08:53-те жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 731 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10,6. MPV магнитудасы - 4,8", - делінген хабарламада.

Жұмаділлә Нұрила
Дүйсенбі, 04 Қыркүйек, 2023 09:16
Талқылау