Қазақстандық өнертапқыштар су шығынын 10 есе қысқартудың жолын ойлап тапты
Қазақстандық өнертапқыштар су шығынын 10 есеге дейін қысқартуға мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.
Үйде душ қабылдау үшін орташа есеппен 15 литр су кетеді. Жалпы кәсіпорындарда душтағы су шығыны бір уақытта 165 литрге дейін артады. Бұл сома одан үлкен цифрға айналады, десе де, оны азайтуға болады, дейді өнертапқыш Николай Герасимов. Айтуынша, құрылғыны жасау идеясы оған кездейсоқ келген.
"Менің досымның спорт залы бар, ол, негізінен балаларға арналған, олар сол жерге барады, тегін айналысады, тегін жуынады. Бір кездері біз отырдық, шай іштік, ол судың көп су жұмсалатынына шағымданды. Сонда ол мүмкін біз бірдеңе ойлап шығарамыз ба?" - деп есіне алады өнертапқыш Николай Герасимов.
Ол балалық шағында шахталардағы душта ерекше қондырғыларды көргенін айтады. Олардың негізінде мезгіл бойынша әрекет ететін душ жасап шығарған. Құрылғыны толыққанды жасауға бір жыл арнаған.
Бұрын жатақханадаға душта әдеттегі пәтерлердегідей екі қосқышы бар қондырғылар болған, бірақ коменданттар кран үнемі бұзылады дейтін. Сондықтан олар осындай тұтқамен ауыстырылды. Басқан кезде су 12 секундқа дейін ағады. Есептеу кезінде су шамамен 5 есе үнемделетіні анықталған.
Сарапшылар: Елімізде азық-түліктің бағасы көтеріледі
"Студенттерге қиын болды, өйткені олар судың автоматты түрде өшірілетінін білмеді. Біреуі: "Ойбай, су жоқ!"-деп байбалам салған. Мен: "Қорықпа, қазір бәрін түсіндіремін дедім", - дейді студенттік жатақхананың коменданты Ақмарал Кунева.
Осыған қатысты Николай тағы бір жаңашылдық ойлап тапты. Мұнда су ағызу үшін педальды аяғыңызбен басу керек.
Қазірдің өзінде мерзімді душқа ондаған қарағандылық ұйым қызығушылық танытқан. Жаттығу залдарында және зауыттарда су шығындары бір айда ғана 10 есе азайды.
"Өкінішке қарай, мемлекет шығындарды іс жүзінде төлейтін бюджеттік кәсіпорындар бұл құрылғыға қызығушылық танытпай отыр. Оларда қанша су мөлшерін жұмсағаныңызда айырмашылығы жоқ. Бизнес мүдделі, ал мемлекет осылайша өзін алдайды", - деді өнертапқыш Николай Герасимов.
World Resources Institute американдық ғалымдары өткен жылы Қазақстанды "стресстік аймақтар" қатарына қосып, 2040 жылға қарай тұщы суды тұтыну елдің су бассейндерінің жартысында оның тапшылығына алып келетінін мәлімдеді. Бұл жағдайда суды үнемдеудің және бюджеттік шығындарды азайтудың кез келген мүмкіндігі экономикаға тек пайда әкелетінін атап өту керек.

"Мәһрге наубайхана ашып беруді сұрадым": Египеттік жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызының тойы желіде қызу талқыға түсті
