Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар 1 наурыздан бастап қалай оқиды? Білім және ғылым министрлігі түсіндірді

ҚР білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп оқушыларының 1 наурыздан бастап қалай оқитыны туралы айтты. Бұл туралы Шолпан Каринова өзінің ресми Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

онлайн оқу

"Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты 2021 жылдың 1 наурызынан бастап орта мектептердің 1-5 сыныптары мен халықаралық мектептердің 1-7 сынып оқушылары үшін аралас форматта оқуға рұқсат етіледі. Бұл туралы елдің бас санитарлық дәрігерінің қаулысында айтылған", -деді вице-министр.

Оның айтуынша, мектептерге пәндердің тізімін және тұрақты немесе қашықтықтан оқыту форматында оқуға арналған сағат санын өздігінше бөлуге құқық беріледі. Осыған қарамастан, білім беру ұйымдары осы оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспарларын басшылыққа алуға міндетті.

Каринова Білім және ғылым министрлігі «Көркем еңбек» және «Музыка» сияқты пәндерді 1-5 сыныптарда қашықтықтан асинхронды форматта қалдыруға кеңес беретіндігін баса айтты.

Тек ерекше жағдайларда, ауырғанда немесе науқастармен қарым-қатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан форматында оқытуға қалдыруға рұқсат етіледі.

Білім беру процесінің барлық қатысушылары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауы тиіс. Мектеп басшылары балалардың қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау үшін барлық жағдайларды қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен педагогтер жеке гигиена ережелерін және санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтайды.



Ата-аналар тарапынан балалардың жеке гигиенаны сақтауы және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін түсіндіру өте маңызды.

1-5 сыныптардың барлық оқушыларын мектепке қайтару бастауыш мектеп деңгейінде базалық білімнің, қажетті дағдылар мен құзыреттердің қалыптасуымен байланысты болып отыр. Олар үшін әлеуметтену және қарым-қатынас процестерінің жалғасуы, оқыту кезінде ұжымдық өзара қарым-қатынастың қол жетімді болуы маңызды. Сондықтан бірінші кезекте осы сыныптар бойынша шешім қабылданды.

Оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты және жинақы киімде болуға рұқсат етіледі. Ата-аналарға мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.

1 наурыздан сабақтан тыс уақытта білімдегі олқылықтарды толықтыру үшін оқушыларды жеке оқыту 15 адамнан аспайтын топтарда мүмкін болады. Бұл жағдай әлі де қашықтан оқытуда қалып отырған 6-8, 10 сыныптарға қатысты. Бұл міндетті емес, мұғалімдердің шешімі мен оқушылардың ата-аналарының келісімі бойынша іске асырылады.

Балалардың жекелеген санаттарын тамақтандыру, орналастыру, тасымалдау облыстардың бас дәрігерлерімен келісім бойынша жүзеге асырылады. Вице-министр мектептердің барлық шешімдері алдын-ала ата-аналарға айтылуы керек деп атап өтті.

Талқылау